Елорда • 26 Қараша, 2024

Үздік 10 ұстаз ұлттық сыйлық иегері атанды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсіміне әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үздік 10 ұстаз ұлттық сыйлық иегері атанды

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, бұл – Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауы шеңберінде «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері ретінде 10 үздік ұстаз анықталды. Байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейде көрсету.

Биыл байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысқан. Олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды. Олардың қатарында елордалық 2 ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Жунис Октябрина және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков. Үздік 10 ұстаздың қатарына енген елордалық 2 ұстаздың әрқайсысы 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35