Әлем • 14 Мамыр, 2024

Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батқан автобустың жолаушыларын құтқаруға қатысқандардың барлығы марапатталған. Марапат алғанның бірі Қазақстанның тумасы Ерхан Аханов, деп жазады Egemen.kz.

Ресейде жолаушыларды құтқарған қазақ жігіті марапатталды

Фото: Скрин. КТК.

Бұл туралы fontanka.ru сайтында хабарланған екен.

Қазақстан тумасы ауыз су жеткізетін компанияда жұмыс істейді, апат болған күні көпірмен қызметтік машинамен жүріп өткен.

«Көліктегі сүйреу арқанын алып, арқанды көпірге байлап алдым. Біз кезекпен төмен түсіп, автобус маңына қарай жүзе бастадық, люктегілерді алып шығуға тырыстық», дейді Ерхан Аханов.

Санкт-Петербург өңірлік марапаты – «Құтқарудағы ерлігі үшін» белгісін және сағат сыйлығын губернатор Александр Беглов 15 қала тұрғынына табыстады.

ktk.kz хабарлауынша, 25 жастағы Ерхан Аханов Шахтинск қаласында дүниеге келген. Қаршадайынан спортпен шұғылданған, жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионы. Әскерден кейін Санкт-Петербургке кетіп, аталған қалада отбасын құрған, жұмыс істейді, жуырда университетке түскен. Оның анасы, әкесі және әпкесі Қазақстан полициясында қызмет етеді.

10 мамырда күндіз Санкт-Петербургте автобус бірнеше автокөлікпен соқтығысып, содан кейін көпірден құлап кеткен. Салонда 20 адам болған. Аталған факті бойынша РФ ҚК-нің 264-бабы, 5-бөлігі – «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 7 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15