и
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Ақпан, 2024
ҰБТ сұрақтарын заңсыз көшірген азаматтар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына қол сұққан Қарағанды, Өскемен қаласының тұрғындарын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Ақпан, 2024
Даналық һәм диалектика: Белгілі философ Жабайхан Әбділдин 91 жасқа толды
Еліміздегі диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, мемлекет қайраткері, мемлекеттік, халықаралық марапаттардың иегері, Ш.Уәлиханов сыйлығының тұңғыш лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры, бүгін 91 жасқа келіп отырған Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің отандық ғылымға қосқан үлесі өлшеусіз. Былтыр торқалы 90 жас мерейтойының қарсаңында ғалым ағамыздың 25 томдық шығармалар жинағының соңғы бес томы жарық көрген еді.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Кісі өлтіру, тонау, ұрлық. Иттердің көмегімен қандай қылмыс ашылғаны айтылды
Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 575 қылмыс, оның ішінде 190 ұрлық, 16 тонау, 2 қарақшылық, 7 кісі өлтіру және 129 есірткі қылмысы ашылды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан шамамен 130 кг есірткі тәркіленді, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
«Сіздің күлкіңіз әдемі». Полицейлер жол апатының алдын алатын ерекше тәсіл қолданды (видео)
Түркістан облысы Ордабасы ауданының полицейлері жол апатының алдын алу, жол жүру қағидатын сақтау мақсатында ерекше акция өткізді. Полицейлер қолданған бұл тәсіл жергілікті тұрғындарды таң қалдырды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық
Бүгінгі сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығынан 11 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Әзірге Олимпиадаға лицензиямыз аз - Ермек Маржықпаев
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 15 Ақпан, 2024
«Таксимен жеткізген». Шымкентте есірткі арнасының көзі жойылды
Полиция қызметкерлері Шымкентте есірткі жеткізу арнасын жойып, құны 30 млн теңгеден асатын есірткі құралдарын тәркіледі, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 15 Ақпан, 2024
Белгілі боксшы Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды
Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Ақпан, 2024
Президент Қатарға жасаған алғашқы жұмыс сапарын қорытындылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Қатар Мемлекетіне жасаған алғашқы сапарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды
Елімізде ақылы жолдардың тарифтері өседі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 15 Ақпан, 2024
Төрт жастағы бала да Тik-Тok көреді – сенатор
Сенат отырысында депутат Әлішер Сатыбалдиев Тik-Тok желісі алаңында жағымсыз көріністердің таралып жатқаны туралы мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
Жошы кесенесінің жанына қалталы жақынын жерлеген. Бекет ата - жекенің меншігінде - Дархан Қыдырәлі
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғауды жүзеге асыратын заң қауқарсыз екенін айтып, депутаттық сауал жолдады. Ол қауқарсыз құжат салдарынан құндылықтарымызды қорғау қиын болып тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
«Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады
Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Ақпан, 2024
Киелі орындар мемлекет қарауында болуы тиіс - сенатор
Еліміздегі киелі жерлер шырақшылардың күн көріс көзіне, бақсы-балгерлердің ордасына айналған. Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтеріп, рухани ескерткіштерді қорғауға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясын қайтарды
Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларында 2023 жылы атқарылған шараларды қорытындылады. Министрлік лудоманиямен күрес бағытында осы жылға қойылған негізгі міндеттерді кеңейтілген алқа отырысында ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 15 Ақпан, 2024
Дархан Қыдырәлі: Ұлтымыздың тарихи, киелі орындарын сақтау қажет
Қазақстанда ұлттың рухани бағдарына айналған және халыққа қорған болған көптеген киелі орындар бар. Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған сенатор Дархан Қыдырәлі осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Ақпан, 2024
Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы енгізіледі
Энергетика министрлігі «Ашық НҚА» порталында Қазақстанда бензин мен дизельді сату бойынша шекті баға қою жөніндегі бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Көкшетау полицейлері тұғындарды өрттен құтқарды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазіргі жаһандық және өңірлік күн тәртібіне қатысты Қазақстанның ұстанымын білдірді. Президент Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары кезінде қонақжайлық көрсеткені үшін Әмір Тәмим бен Хамад Әл Тәниге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Қатарда жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту жолдары талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Power International Holding компаниясының иелерін қабылдады
Қазақстан Президенті Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатардағы ірі компанияның атқарушы директорын Астана халықаралық форумына шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Faisal Holding компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Фейсал бен Қасым Әл Тәниді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Ақпан, 2024
Президент Қазақ-қатар бірлескен комиссиясының жұмысын жандандыруды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Жиын барысында Қазақстан мен Қатар мемлекеттері арасындағы экономикалық байланыс пен жаңа жобалар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт-Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 14 Ақпан, 2024
Жүсіпбек Аймауытов: Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да оқығаны
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов ойларын ұсындық.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатардың Сыртқы істер министрімен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 14 Ақпан, 2024
«Дәстүр» фильмінің режиссері жаңа қызметке тағайындалды
Эстрададағы белгілі «Ирина Кайратовна» тобының бейнебаяндары мен «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.