Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде өңірде 4 су қоймасы салынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 4 су қоймасы салынады

Фото: ult.kz

Министр №18 орта мектепте су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарымен кездесті.

«Кеше су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның зардабын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Мемлекет басшысы бірінші кезекте апаттан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды толығымен өтеуді тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар тасқын шығынын бағалайтын арнайы комиссия құрып, жұмысты бастап кетті», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ министр №18 орта мектеп ұжымына облыс тұрғындарына қиын сәтте көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.