Ар
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Президенттік жастар кадр резервіне өтінімді қалай беруге болады?
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2023
Ақтөбедегі Әскери институт тұңғыш рет курсант қыздарды оқуға қабылдады
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына биыл 200-ден астам курсант оқуға түскен. Оның 22-сі – қыздар. Олар «Әскери медицина» мамандығы бойынша білім алады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Елордада параспортшылар арасында инклюзивті фестиваль өтті
Елордадағы Ботаникалық бақта параспортшылардың қатысуымен инклюзивті фестиваль аяқталды. Іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Elorda.info басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2023
Ерлан Қарин: Конституция − жаңа қоғамдық келісімнің құқықтық құжаты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформаның нәтижесінде билік тармақтары арасында оңтайлы баланс қалыптасқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аударма • 29 Тамыз, 2023
Біз тым кеш болмай тұрғанда барлық ядролық қарудан құтылуымыз керек
«The Jerusalem Post» басылымына жарияланған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Омаров Қайрат Ермекұлының ағылшын тіліндегі мақаласын ықшамдап аударып, ұсынып отырмыз.
Ресми бөлім • 29 Тамыз, 2023
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
Шардаралық 21 спортшы әлем чемпионы атанды
Алматы қаласында армрестлингтен 44-ші әлем чемпионатының жас-жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында өткен әлемдік додада Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының 21 спортшысы алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
Жазғы Азия ойындарына кімдер қатысады?
19 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен сынға түсетін балуандарымыз анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Тамыз, 2023
Азаматтардың құқықтары көбіне заң көмегі қолжетімсіз шалғай аймақтарда бұзылады - Мемлекет басшысы
Мемлекет басшысы Адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында сөз сөйлеп, азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түскенін назарға салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2023
Омбудсмен мен Арнайы мандатқа ие уәкілдер қызметінің тиімділігі артады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2023
Азаматтардың құқығының бұзылуына жол бермеу керек - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғау жүйесіндегі басты міндеттерге тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті
Конституция күні қарсаңында Президент арнаулы мандатқа ие омбудсмендермен және құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
Исхар Құрбаев, әлем чемпионы: Бұл менің соңғы мүмкіндігім еді
Жуырда Иорданияның астанасы Амман қаласында 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионатында жетісулық балуан Исхар Құрбаев 55 келі салмақта алтын медаль иеленді. Жастар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалі біздің елдің өрендеріне бұйырмай келе жатқанына жеті жылдың жүзі болып еді. Ойсырап тұрған олқылықты Мұхамедтің балуан ұлы бүтіндеп берді. Тәуелсіз еліміздің тарихында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралған саңлақтар тіпті санаулы. Тіпті грек-рим, еркін және әйелдер күресін қоса алғанда алтын медаль иеленген балуандар қадау-қадау ғана. Солардың сапына Исхар да қосылды. Аммандағы аламан қалай өрбігенін сұрап, Исхар Мұхамедұлынан сұхбат алдық.
Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Үкіметте геология саласын дамыту шаралары қаралды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның геология саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Тамыз, 2023
Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған
Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Тамыз, 2023
Доллардың ресми бағамы белгіленді
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461 – 465 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 29 Тамыз, 2023
Атыраулық студент Конституцияны жатқа айтып, тегін оқуға сертификат алды
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Тамыз, 2023
Доллар 3,21 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Пікір • 28 Тамыз, 2023
«Елдегі діни сенім бостандығына құрметпен қараймыз» - Дархан Қыдырәлі «хиджаб мәселесі» туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Өзекті» бағдарламасына берген сұхбатында жыл сайын жаңа оқу жылы басталарда көтерілетін «хиджаб мәселесіне» қатысты пікір білдірді. Министр өз сөзінде елдегі діни сенім бостандығына аса құрметпен қарайтынын және қыз балалар білім ала алатын медреселер мен колледждер барын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Тамыз, 2023
55 мың оқушы жаңа оқу жылын жаңа мектептерде бастайды
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2023
Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінде парапауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Тамыз, 2023
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 тамызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Тамыз, 2023
Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Германияның Дуйсбург қаласында байдарка, каноэ есу және паракоаноэден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Тамыз, 2023
Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Тамыз, 2023
Қарағанды облысында көлік апатынан 3 адам көз жұмды
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше Қарағанды облысы аумағында көлік апаты болып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 27 Тамыз, 2023
Парламентарийлер конституциялық заңнаманы нығайту мәселесін талқылады
Конституция күні қарсаңында Парламентаризм институты мен Мәжілістің ұйымдастыруымен Мәжіліс кітапханасында «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Тамыз, 2023
Абылайхан Жүсіпов никарагуалық боксшыны нокаутқа жіберді
АҚШ-тың Талса қаласында никарагуалық Уистон Кампоспен шеберлік байқасқан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кезекті жеңіске қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Тамыз, 2023
«Шахмат негіздері» пилоттық жобасына 42 мектептің бастауыш сыныптары қатысады
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023-2024 оқу жылында «Шахмат негіздері» оқу бағдарламасын сынақтан өткізу жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.