Президент • 29 Тамыз, 2023

Азаматтардың құқықтары көбіне заң көмегі қолжетімсіз шалғай аймақтарда бұзылады - Мемлекет басшысы

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесу барысында  сөз сөйлеп, азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түскенін назарға салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Азаматтардың құқықтары көбіне заң көмегі қолжетімсіз шалғай аймақтарда бұзылады - Мемлекет басшысы

«Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық қорғау институттарының жұмысы туралы ақпараттандыру мәселесін арттыру қажет. Қазіргі жағдайда құқықтық насихат пен азаматтарды құқықтық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы арта түсті. Бұл іске сарапшыларды тарта отырып, барлық құқық қорғау институттарының әлеуетін жұмылдыру қажет. Сіздер үнемі қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерулеріңіз керек. Көп жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен масылдыққа құқықтық сауатсыздық себеп болады. Көптеген адам құқықтық тұрғыда өз мүдделерін қорғауды, қолданыстағы заң нормаларына сүйенуді білмейді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көбіне ақпараттық ресурстар мен заң көмегі қолжетімсіз шалғай аймақтарда бұзылады», деді Мемлекет басшысы.