ат
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Ақпан, 2026
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
2026 жыл 14 ақпанда Алматы облысында республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы (Достық шекара өткелі)» автожолында боран салдарынан жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2026
Алматыда әскери-патриоттық тәрбиеге баулу жүйелі іске асып келеді
Алматы қаласында Үкімет қаулысымен бекітілген 2030 жылға дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жүйелі іске асып келеді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қалада мамандандырылған сыныптар мен әскери-патриоттық клубтар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2026
Алматылық жас инженерлер халықаралық додада топ жарды
Астанада 10-13 ақпан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өткен «FIRST Robotics – Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026» халықаралық фестивалінде жас инженерлер еліміздің намысын қорғап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2026
Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Үндістанның Дели қаласында өткен оқ атудан Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын және күміс медальдар қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматының денсаулық сақтау саласына қызмет ететін 32 жаңа нысанның құрылысы мен 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгін осы жобалардың жайы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Ақпан, 2026
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл шешім «Көкшоқы» шағын ауданы, «Алма» тұрғын үй кешені және оған іргелес үйлерде ауызсудың болмауына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Ақпан, 2026
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғылым көрмесін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2026
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Биыл Қазақстанда перспективалық 20-дан астам мұнай және газ учаскесі аукционға шығарылмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстанның МПС Геология комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қанат Ерубаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Ақпан, 2026
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматыда «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен салынып жатқан «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метрді құрайтын оң бағыттағы тоннельдің қазу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Маңғыстауда жаңа Конституциясының негізгі тұжырымдарын түсіндіру мақсатында «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Ақпан, 2026
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша ауа сапасын тексерді. Мамандар атмосфералық ауаның 47 520 сынамасын алып, 5 427 сынамада немесе 11,4% ауытқулар бар екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Ақпан, 2026
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Алматыға 2025 жылдың 9 айы ішінде шамамен 1,87 млн адам келген (былтырғыдан 8% артық). Қалалық Туризм басқармасының өкілдерінің айтуынша, олардың 563 мыңнан астам шетелдік, ал 1,3 миллионы ішкі турист, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлерімен өткен кездесуде Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі Аида Балаева жаңа Конституция жобасының мән-маңызына тоқталып, бұл құжат елдің болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Бейбіткүл Сәрсемханқызы: Республикалық референдум – Қазақстанның жаңа белесі
Қазақстанда жаңа Ата заңды қабылдау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияның тағдырын азаматтардың өзіне сеніп тапсыру − мемлекеттік биліктің ашықтығы мен жауапкершілігінің айғағы.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Алматы қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» қалалық Коалициясының алғашқы ұйымдастыру отырысы өтеді. Қалалық бірлестік республикалық бастама аясында құрылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Алматыда 620 млн теңгеден астам шығын келтірген заңсыз инвестициялық жоба әшкереленді
Алматы қаласында өмірді сақтандыруға инвестиция салу деген желеумен ұйымдастырылған ірі алаяқтық схема әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің қала бойынша департаменті заңсыз инвестициялық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Ақпан, 2026
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Шабуылшы Абат Айымбетов ресми түрде Петролул Плоешти футбол клубының ойыншысы атанды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Жаңа Конституция ел дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Елдің іргелі құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын бас құжаттың жаңа жобасын қоғам белсенді талқылап жатыр. Ата заңды өзгертуге қатысты алып-қашпа әңгімелер мен дәйексіз деректер де аз болған жоқ. Сарапшы, экономист Айдархан Құсайынов жұрттың санасын сан-саққа жіберген сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Жолаушыларға ескерту: Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау әр жолаушының міндеті екенін ескертеді. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, пойыз ішіндегі тәртіп пен жайлылық – баршаға ортақ жауапкершілік, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы қабылданған және елдегі федералдық климаттық талаптардың құқықтық негізі болып келген шешімнің күшін жойғанын мәлімдеді. Аталған құжат автокөлік құралдарының парниктік газ шығарындыларына қойылатын стандарттар мен электр көліктерін қолдауға бағытталған нормалардың тірегі саналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Ақтөбе облысының Қандыағаш, Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған кешендер іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 13 Ақпан, 2026
Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Атырауда авиация саласының мамандары Әмір Мейрамғалиев пен Нұрсұлтан Тұрсынов өнеркәсіп пен қауіпсіздік саласына арналған ұшқышсыз ұшу аппаратын құрастырып жатыр. Мамандар бір жыл бұрын басталған жобаның алғашқы прототипін жасауға 1270 сағат уақытын арнаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Алматыдағы ерте араласу орталығында 100-ден астам балаға қолдау көрсетілді
Өңірлік коммуникация орталығында «Алғашқы алаңдатарлық белгіден нәтижеге дейін» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200-ден астам жұмыс орны ашылды
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 31 кәсіпкерге бизнестерін кеңейту үшін коммерциялық мақсаттағы нысандар берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Алматыда «Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» әдеби сазды кеш өтті
Бүгін Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2026
Бельгияда Мұқағали Мақатаевтің мерейтойы мен шығармашылығына арнап әдеби іс-шара өтті
Брюссель қаласындағы Қазақ мәдени орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай әдеби-поэтикалық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 12 Ақпан, 2026
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Алматы қаласында сот бұрынғы жұбайын аңдып, мазасын алған ер адамға қатысты үкім шығарды. Бұл сталкинг үшін шығарылған алғашқы үкімдердің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.