Ақ
Президент • 24 Қазан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысының механизаторы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
«Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттері мерейтойын атап өтті
Бейбітшілік және келісім сарайында «Elorda aqparat» медиахолдингінің құрамындағы «Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Елорда шежіресі» атты салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 23 Қазан, 2025
Спорт • 23 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков үздік қақпашылардың үштігіне енді
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, Sofascore статистикалық порталының ең жоғары 10 балдық бағасын алған санаулы қақпашылардың бірі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбедегі жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2 бала бар
Самара — Шымкент тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың арасында 2016 және 2022 жылы туған екі бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 23 Қазан, 2025
Қазақстан университеті ЖИ бойынша грант ұтып алды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл – отандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындаған әрі халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашқан инклюзивті-цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті
Мемлекеттік қолдау және шығармашылық ұжымдарды ынталандыру мақсатында кейінгі бес жылда мәдени ұйымдардың мәртебесін көтеруге маңызды қадам жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 23 Қазан, 2025
Қазақстанның Даму Банкі мен RG Brands Kazakhstan: отандық өндірістің табысты серіктестігі
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Алматы облысындағы Елтай ауылында баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал блогерлер, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – мемлекеттік қолдау тетіктерінің өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, өндіріс үдерістерін цифрландыруға және экспорттық әлеуетті арттыруға қосып жатқан үлесін нақты мысал арқылы көрсету болды. Іс-шара барысында қатысушылар өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысып, заманауи технологиялардың енгізілуі мен даму банкі тарапынан көрсетілген қаржылық қолдаудың нақты нәтижелерін көзбен көрді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан ұсынылған қаржылық және институционалдық қолдау құралдары өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда маңызды рөл атқарып жатқанына тағы бір мәрте көз жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 23 Қазан, 2025
Нью-Йоркте Республика күніне орай Қазақстанның туы көтерілді
Манхэттеннің қаржы орталығында ҚР Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, Нью-Йорк мэриясы бұл күнді ресми түрде «Қазақстан мұрасы күні» деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысындағы жол апатын арнайы топ тергейді
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қазан, 2025
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
«Самара-Шымкент» автокөлік жолының Ақтөбе облысы аумағындағы Белқопа ауылының жанында DAF жүк көлігі мен «Газель» автокөлігі соғысып, екі жүргізуші мен 10 жолаушы қайтыс болды деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы полиция департаменті берген мәліметке сүйене отырып.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Биыл 3,1 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген
Жыл басталғалы республикалық бюджеттен 3 трлн 158,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 22,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылды. 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 510 мың адам, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
Қазақстан мәдениетінің халықаралық беделі артып келеді
Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту және креативті индустрияларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл кезеңде өнер саласында айтарлықтар өзгерістер орын алып, Қазақстанды Орталық Азияның жетекші мәдени орталығы ретінде танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Қазан, 2025
Ел балабақшаларында бүлдіршіндерді кәсіпке баулитын жоба басталды
Елімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту мақсатында 2025–2026 оқу жылында «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қазан, 2025
Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті
Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, шынайы қоғамдық диалог орнатуға бағытталған кешенді және жүйелі стратегияны іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Дәрігерді өлтіріп, 5 млн теңгесін иемденген күдікті 20 жылға сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 69 жастағы дәрігерді өлтіріп, есепшоттарындағы 5 млн теңгеден астам соманы иеленген диализдік орталықтың медицина қызметкерін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қазан, 2025
Алматыда қуыршақ өнерінің шымылдығы түрілген айтулы оқиға – III Халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2025» өз мәресіне жетті. Мәдени мереке Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы және Мемлекеттік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен өткізілді, деп жазады Egemen.kz,
Аймақтар • 22 Қазан, 2025
Ақтөбе полициясы отбасылық жанжалдардың себебін атады
Ақтөбе облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық жанжал бойынша 4 мыңға жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасында ұрып-соғу деректері бойынша 187 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 22 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қатынастар орнатқанына 33 жыл толды
22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенцияны қолдайды
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – елдегі ең ірі еңбекшілер бірлестігі ретінде еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде қорғап келеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық еңбек ұйымының №131 «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» конвенциясын ратификациялауын құптайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Алғашқы АЭС-ке атау беру байқауы аяқталды
Еліміздегі алғашқы атом электр стансасына атау беру конкурсына 27 000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Қазан, 2025
2026 жылғы бюджеттен негізгі салаларға қанша қаржы бөлінетіні анықталды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының негізгі параметрлерін қарау кезінде Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасы мен экономиканың орнықты дамуына басымдық бере отырып, әлеуметтік бағдарланған бағытты жалғастыратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Биыл 274 мыңнан астам тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алған
Бұл – биылғы 1 қазандағы жағдай. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болғандай, биыл бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 51 мың отбасындағы 274,4 мың адамға 24,6 млрд теңге сомасында тағайындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 22 Қазан, 2025
Биыл ардагерлерге 12,6 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді
2025 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша елімізде 79 313 ардагер тұрады. Мемлекет бұл азаматтарға ерекше қамқорлық көрсетіп, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жалғастырып отыр. Биыл осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қазан, 2025
Қазақстанда ажырасу көрсеткіші азайып келеді
2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 22 Қазан, 2025
Финляндия Президенті елімізге ресми сапармен келеді
28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 21 Қазан, 2025
146 жұмысшының жалақысын алып берді
Байзақ ауданының прокурорлары «Байзақ су» мекемесіндегі еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде жұмысшылардың мүддесін қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Қазан, 2025
Астанада ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет отырысының қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин компанияның негізгі нәтижелерін және бесінші буын желілерін дамыту жоспарларын ұсынған баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2025
Түркияның дәрігерлері ақтаулықтарға тегін медициналық кеңес береді
Түркияның дәрігерлері Ақтау қаласының тұрғындарына тегін медициналық кеңес береді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Түркия мемлекетінің жетекші медициналық ұйым өкілдерімен өткен кездесуде айтылды, деп Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.