м
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Құтқарушылар судағы қауіпсіздікке қатысты ескерту жасады
Жаз маусымында суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеу адам өміріне үлкен қатер төндіреді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) азаматтарға судағы қарапайым ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Құтқарушылар әсіресе балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Депутаттар Петропавлда салынып жатқан балабақша құрылысын тексерді
Петропавлда заңсыз шығарылған активтермен күрес аясында мемлекетке қайтарылған қаржыға балабақша салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода нысанның жалпы жай-күйі мен белгіленген мерзімдерге сәйкестігін, қаржының жұмсалу тиімділігін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 04 Шілде, 2025
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, Жаңа форматтағы жобаға іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, тестілеуге 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысы Жарма ауданына қарасты Қоңырбиік, Кіші Қарасу және Салқынтөбе ауылдарының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы ел азаматтарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Астанада ауыр атлетикадан Азия бәсекесі басталды
Жасөспірімдер мен жастар арасында ұлдар мен қыздар санаты бойынша ауыр атлетикадан елордада Азия чемпионаты бүгін басталды, 10 шілдеде аяқталады. Турнир – Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 04 Шілде, 2025
Үкіметте Президент тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын, оның ішінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Қауіпсіздік инфрақұрылымын дер кезінде жаңғырту маңызды – Мәжіліс депутаты
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында қауіпсіздік және инфрақұрылым саласындағы бірқатар негізгі нысанның қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Шілде, 2025
Кирилл Герасименко Лас-Вегасқа аттанды
Алдағы демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындада үстел теннисінен «United States Smash» халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 04 Шілде, 2025
Талдықорғандық оқушы Еуропа олимпиадасында топ жарды
География пәні бойынша Еуропа олимпиадасы (EGeo) Литва елінде өтті. Аталған білім бәйгесінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды. Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – Дарын Бекбол топ жарды. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанып, алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 04 Шілде, 2025
Бүгін жартылай финалға жолдама алған боксшылар анықталады
Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алған боксшылар толықтай анықталады және жартылай финалдық алғашқы жұптар арасындағы бәсекелерді тамашалаймыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды
Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Торғай өңірінің мәселелері Мәжіліс назарында
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар елді мекен тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Шілде, 2025
Ер адам пойыз жолаушыларына балғамен шабуыл жасаған
3 шілде күні Германияның Бавария аймағында балғамен қаруланған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасаған. Салдарынан төрт адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Шілде, 2025
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір отбасы мүшелерін кепілге алып, аса қатыгездікпен екі адамды өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Шілде, 2025
Жасанды жүрекпен өмір сүріп жүрген науқастың тізе буыны алмастырылды
Мұны отандық медицина тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға десек те болады. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 64 жастағы пациентке тізе буынына толық ревизиялық эндопротездеу отасын сәтті жасап шықты. Бұл жағдайдың ерекшелігі - науқасқа жүрек қызметін қолдайтын құрылғы орнатылған, яғни ол жасанды жүрекпен өмір сүріп жүрген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 03 Шілде, 2025
Торғай өңірінің мәселелері - Мәжіліс назарында
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, “Ақ жол” партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар аудандарда тұрғындармен кездесті. Сапар барысында ол жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен танысып, өзекті мәселелерін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Шілде, 2025
Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды
Ел көлемінде 1 маусымнан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Депутаттар Түркістан облысының шаруаларымен жүздесті
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Қарқаралыда республикалық марафон өтеді
Өңірде жыл сайын өткізілетін «Qarqaraly bugyly trail» марафонына ниет білдірушілер бір шақырымнан 50 шақырымға дейінгі қашықтықта жүгіруге қатыса алады. Биыл марафон өңірдің мәдени және спорттық өміріндегі айтулы оқиғасына айналуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Алматыда биіктен құлаған адам мерт болды
Алматыда ер адам «Turar» бизнес орталығының 10-шы қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Хамит Ерғалиев ауылына қауіпсіз өткел керек
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылы тұрғындарымен жүздесті. Кездесудегі ең өзекті мәселе «Атырау-Астрахань» автожолы бойындағы жаңадан салынған көпір туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Өрт қаупі кезеңі басталғалы 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Елімізде өрт қаупі кезеңі басталғалы бері 261 орман өрті тіркелді. Жалпы өрт аумағы 27 мың гектардан асты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Шілде, 2025
Домбыра күніне орай 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады
2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген Ұлттық Домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетіні мәлім. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Жетісу облысында каналдар жаңғыртылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше аталған облыста Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 03 Шілде, 2025
Туристік жолдамалардың құны қымбаттады
Қазақстандықтар үшін демалысқа шығу бұрынғыдан да қымбатқа түсіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, туристік жолдамалардың бағасы бір жыл ішінде орта есеппен 48%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 03 Шілде, 2025
Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы Талғар ауданында ұйымдастырылған экологиялық акцияның мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және азаматтарды табиғатты қорғауға тарту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
2025 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында қайғылы жағдай тіркелген. 13 жастағы жасөспірімнің мәйітін туыстары жазғы асүйден тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.