
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Сол орайда Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Биыл ел көлемінде 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады, оның 200-ден астамы өңірлерде жоспарланған.
6 шілде күні Алматы қаласындағы MEGA Alma-Ata ашық алаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар Көктөбе саябағының алаңында «Dombyra party» атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.
Астанадағы амфитеатр алаңында Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
ҚР-ның Ұлттық музейінде көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт ұйымдастырылады.
Жамбыл облысында, «Көне Тараз» археологиялық саябағы аумағында «Ұлттық домбыра күні – баба үніне құрмет» атты музыкалық кеш өтеді.
Түркістанда, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының алаңында «Домбыра – дастан» атты мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, елімізде Домбыра күніне орай челлендж өтіп жатыр, оған 100-ге жуық мәдениет саласының көрнекті өкілі қатысып жатыр.