баға
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 13 Қаңтар, 2026
Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады
Қысқы мейрамдар, балалардың каникулы кезінде Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдардың бағасы шарықтай түседі. Әсіресе, қысқы демалыс күндері тауға шығатындардың қарасы тым көп болғандықтан, құжынаған қала қонақтары мен туристерден аяқ алып жүру оңай емес. Дегенмен, дәл осы күндері Шымбұлақта «High Season» саясаты мәресіне жетті. Демек, сұраныстан туған тарифтер кезеңі аяқталды деген сөз, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Елімізде алтынның бағасы қымбаттады
Қазақстанда алтынның бір грамының құны 75 200,37 теңге болды. Бұл бұрынғы бағадан 0,53 пайызға жоғары және өткен жылмен салыстырғанда 65,7 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?
2025 жылғы желтоқсан айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 571,2 мың теңгеге жеткен (қарашада – 568,8 мың теңге). Бұл 2024 жылдың осы айымен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары. Баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Көтерме сатушылар ет пен көкөніс бағасын қымбаттатып жіберді
2025 жылы азық-түлік тауарларының көтерме бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өскен. Бұл ретте отандық өндірістегі өнімдер 2,7%-ға, ТМД елдерінен жеткізілген тауарлар 6%-ға, ал басқа елдердің өнімдері 2,1%-ға қымбаттағанын Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэладағы және Ирандағы болып жатқан жағдайларға байланысты мұнай бағасы екінші күн қатарынан қымбаттап, үшінші апта қатарынан өсім көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 06 Қаңтар, 2026
Баға мониторингі аясында 1 қаңтардан бері 600-ден астам сауда нысаны тексерілді
Жыл басынан бері Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп баға мониторингін белсенді түрде жүргізіп келеді. Мониторинг күн сайын, демалыс күндеріне қарамастан жүргізіліп жатыр. Бұл баға өзгерісін уақтылы анықтап, нарықты тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 05 Қаңтар, 2026
Желтоқсан айында сәбіз, қант және жұмыртқа бағасы төмендеді
2025 жылдың желтоқсан айында айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,2%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%-ға, ал ақылы қызметтер 0,6%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстанда темекі өнімдері қымбаттады
Елімізде темекінің ең төменгі бағалары өсіп отыр. Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 01 Қаңтар, 2026
Алматының ботаникалық бағына кіру билеттерінің бағасы өсті
Алматының ботаникалық бағы қосымша құн салығына байланысты кіру билеттерінің бағасын өсірді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 29 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
Сауда және интеграция министрлігі Жаңа жыл қарсаңында «Береке Fest» республикалық акциясын қайта өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
Биыл жаңажылдық шырша қаншадан сатылып жатыр?
Жаңа жыл қарсаңында шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар үшін таңдау да сан-алуан. Біреулер шынайы өсіп тұрған қылқан жапырақты өсімдікті таңдаса, табиғатқа жаны ашығаны жасанды шыршаны сатып алып жатыр. Тіпті шыршаны бөлмеде өсіріп, көпшілікті таңғалдырып жатқандар да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда көлік бағасы қалай өзгереді?
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Тұрақтандыру қорлары неге бағаны ұстай алмады?
Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есеп талқыланды. Онда бизнесті субсидиялау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және осы бағыттағы мемлекеттік тетіктердің нақты нәтижесі сарапқа салынды, деп жазады Egemen.kz.
Реформа • 24 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал
Жаңа жылмен бірге жаңа Салық кодексі де күшіне енеді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық жүйесі түбегейлі жаңарады. Бұл бір мезетте қабылданған шешім емес. Айлар бойы Үкімет, депутаттар мен бизнес өкілдері қатысқан талқылаулардың нәтижесі. Алайда қоғамды алаңдатқан басты сұрақ: Жаңа салық реформасы базардағы бағаны қаншалықты өзгертеді?
Экономика • 23 Желтоқсан, 2025
Қымбатшылық қысып тұр: мегаполистерде күнкөріс қиындады
Кедейлік картасы кеңейіп барады. Бұрын ауыл-аймаққа ғана қатысты бұл мәселе енді ірі қалаларда айқын сезіле бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қолданбалы экономиканы зерттеулер орталығының сарапшылары тұрғын үй нарығына қатысты жаңа бағалау ұсынды. Олардың айтуынша, биылғы деректерге қарасақ, нарық баяулаған. Алайда баға күрт төмендейді деу ерте, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2025
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Сансызбай Иісұлы туралы не білеміз?
Енбегі екі қазаққа бірдей сіңіпті. Екі қазақ емес, иісі бір қазақ. Екі қазақ дейтініміз – Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінде Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға – Сансызбай Иісұлы еді.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Желтоқсан, 2025
Сирек кездесетін жыртқыш бейнежазбаға ілінген
«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізіліп жатқан экологиялық мониторинг жұмыстары барысында Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) бейнежазбаға түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда доллар бағамы айтарлықтай төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа белгіленген бағамы 514,31 теңгені құрап, 4,5 теңгеге арзандаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 17 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк: Теңге бағамы 2,4%-ға нығайды
Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің қазіргі бағамына түсініктеме берді. Ол жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 512,57 теңгеге дейін, яғни 2,4%-ға нығайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Желтоқсан, 2025
Үкіметте азық-түлік бағаcын тұрақтандыру мәселесі қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2025
Доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады
12 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап 522,38 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары балыққа қаншалықты құмар?
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында 36,2 мың тонна тұщы, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Нарықта күміс қымбаттай бастады
Спот нарығында күмістің бағасы сауда барысында 3 пайызға өсіп, унциясы 60,24 доллар деңгейіне жетті. Бұл металлдың жаңа тарихи максимумы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Баспана бағасы қай қалаларда өзгерді?
Елімізде жаңадан салынып жатқан пәтерлер қайтадан қымбаттады. Қарашада, яғни бір ай ішінде баға бірден 2,5%-ға өсті. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, жаңа баспана бағасының өсуі 7 қала бойынша байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Вице-министр: Әуе билеттерін толық қайтару – бағаны шарықтатады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында әуе билеттерін толық қайтарған жағдайда, билет бағасы қымбаттап кетуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.