Фото: rkprostor.ru
Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы (AERC) мамандары Krisha.kz сайтындағы деректерге сүйене отырып, жаңа тұрғын үй бағасының динамикасын тұрақты түрде бақылап келеді.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы желтоқсанда ел бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны 604 823 теңгені құрады. Ал 2026 жылғы қаңтарда баға 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда 17%-ға өскен.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 31 қаңтардағы Krisha.kz хабарландырулары негізінде жүргізілген есеп бойынша, елдегі жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 562 649 теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары көрсеткіш.
Артур Ластаев: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға да, баспанадан шығаруға да жол берілмейді
Соған қарамастан, жалпы үрдіс жоғары бағытталған. Бұл жаңа тұрғын үйге деген сұраныстың сақталып отырғанын және нарықтағы белсенділіктің жалғасып жатқанын аңғартады.
«Сот шешімімен ғана»: Тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды