АҚ
Оқиға • Кеше
Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды
Қарағанды қаласында медициналық университеттің шетелдік студенті жатақхананың бесінші қабатынан құлап, қаза тапты. 21 жастағы марқұм Үндістан азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін
АҚШ-тың Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы көшбасшысы Рауль Кастроға сырттай айып тағылғанын хабарлады. 94 жастағы Рауль Кастро және тағы бес адам америкалық азаматтарды өлтіру, кісі өлтіруге сөз байласу және бейбіт ұшақтарды жою бойынша айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
«Қазгидромет» 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Абайлаңыз, қарақұрт: Қазақстанда қауіпті өрмекшілер жандана бастады
Аптап ыстықтың басталуымен және қарақұрттың тіршілік ету ортасы ұлғаятын уақыт келді. Демек, олармен табиғат аясында кездесіп қалу қауіпі жоғары дейді мамандар. Egemen.kz
Руханият • 20 Мамыр, 2026
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғалары 20%-ға азайды
Жол бойындағы бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдардағы апаттың саны азайған, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 20 Мамыр, 2026
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы – Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Мамыр, 2026
Министрлік Ресей тыңшысы деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Берлин қаласында ұсталған Қазақстан азаматына қатысты пікір білдірді. Германия билігі оны барлау қызметіне қатысы болуы мүмкін деп күдікпен ұстаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты
Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жынысы опырылып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап сапармен келгені үшін ризашылығын білдірдідеп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2026
АҚШ-та ер адам лотереядан 18 рет ұтыс ұтып алған
АҚШ-тың Айдахо штатында тұратын Роберт Биван соңғы 30 жыл ішінде лотереядан 18 рет жеңіске жеткен. Сөйтіп ұйымдастырушыларды да таңғалдырған. Ол әр жылдары жол талғамайтын көліктерден бастап жүздеген мың доллар көлеміндегі сыйақыларды иеленген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Атырау әуежайында сөмкесінде қару барын айтқан жолаушы рейстен түсірілді
Атырау әуежайында жолаушы сөмкесінде қару барын айтқан соң, ол рейстен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 20 Мамыр, 2026
Домофон-үнқақпа: Тұрмыста жиі пайдаланылатын 30 бұйымның қазақша балама атаулары ұсынылды
Тұрмыста жиі пайдалатын 30 бұйымның атауы қазақшаланды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданылатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 20 Мамыр, 2026
ChatGPT банк шоттарын тексеру функциясын іске қосты
OpenAI компаниясы ChatGPT платформасында жеке қаржыға арналған жаңа бөлімді тестілеуді бастады. АҚШ-тағы ChatGPT Pro қолданушылары енді банк, несие, брокерлік және өзге де қаржылық шоттарын жүйеге байланыстырып, шығындары мен инвестицияларын бір жерден бақылай алады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады
Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2026
Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды
АҚШ Сенаты қазақ қызы Асель Робертстің кандидатурасын Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне бекітті. Оны дипломатиялық лауазымға биыл ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған болатын. Наурыз айында Робертс Сенаттың профильдік комитетіндегі тыңдаудан өтіп, кейін кандидатурасы жалпы дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2026
Трамп Иранмен қақтығыстың тез аяқталуы мүмкін екенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыстың тез арада аяқталатынына үміттенеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Мамыр, 2026
Зейнетақы қорынан ақша шешіп алу қиынға соғады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ерсаев Қазақстанда БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 19 Мамыр, 2026
Қазақ тіліне жаңа сөздер қосылды: «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» байқауы мәреге жетті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Қазақ тілінің қорын толықтыруды көздейтін байқау аясында қазақстандықтар тұрмыста жиі қолданатын 30 заттың қазақша баламаларын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Құтқарушы • 19 Мамыр, 2026
ТЖМ құтқару операцияларына арналған төртінші ұшақты алды
Өскемен халықаралық әуежайында жаңа көпмақсатты L-410 ұшағын пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2026
Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Ақтөбе облысы полициясы шетелдік студенттерді қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Мамыр, 2026
Ақмолада алаяқтарға алданған кәсіпкер 24 млн теңгесінен айырылды
Ақмола облысы аудандарының бірінде тұратын кәсіпкер ірі интернет-алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2026
Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды
Қазақ руханияты үшін аса құнды тарихи дерек – 1950 жылы түсірілген Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосуреті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Бүгін Астанада өтіп жатқан симпозиумдағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан симпозиумда ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.