Ақ
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Жаңадан сайланған депутат Бибігүл Аққожина ант берді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Бибігүл Аққожина депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Желтоқсан, 2023
Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды ұрлаған азамат ұсталды
Семей қаласында тарихи құндылыққа жататын алтын бұйымдарды заңсыз айналымға салған азамат ұсталды. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіден сақ дәуіріне тиесілі 4 алтын бұйымды тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министр Qarmet-тегі өзекті мәселені шешуге 1 апта уақыт берді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының қызметі, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өнім көлемін ұлғайту мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға орталық аппарат басшылары және компанияның жаңа иесі Андрей Лаврентьев те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Желтоқсан, 2023
Астана жолдарын тазартуға 2,3 мыңнан астам қызметкер шықты
Желтоқсан айының соңғы күндері жауын-шашынға мол болғандықтан елорданың мемлекеттік қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. 27 желтоқсан күні таңертеңнен бері 2,3 мыңнан астам жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника қала көшелерін қар мен мұздан тазартып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Азиядағы үздік күрес федерациясы анықталды
Екі кезеңнен тұратын онлайн дауыс беру арқылы үздік күрес федерациясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Желтоқсан, 2023
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып, көпсалалы көрменнің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Құны 2 млрд теңге. Шетелдіктен ақбөкен мүйізі тәркіленді
Қостанай облысының полицейлері шетелдіктен ақбөкен мүйіздерін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 27 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы отандық басылымға көлемді сұхбат береді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылдың басында республикалық басылымдардың біріне көлемді сұхбат беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Риддерге 600 орындық қазақ мектебі салынады
Риддерде 600 орындық мектеп салу бойынша Казцинк компаниясы және облыс әкімдігі арасында меморондумға қол қойылды.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Қаржы министрі қызметкерлерге жаңажылдық сыйақы беру тәртібін түсіндірді
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған министрлік қызметкерлері қанша теңге мөлшерінде жаңажылдық сыйақы алатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап коммуналдық қызмет тарифтері қалай өзгереді?
27 желтоқсанда мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет құнының көтерілуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Алматыда 3 мұз айдыны салынады – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, мегаполистің спорт саласы қалай дамып жатқанын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 27 Желтоқсан, 2023
Қаракөл жағалауынан отыз аққудың өлексесі табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы Қаракөл көлінің жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Елімізде ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан өңірлерінде 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері нақтыланды
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Желтоқсан, 2023
Жерасты машинасы басып кеткен. «Қазақмыс» кенішінде тағы бір жұмысшы мерт болды
«Қазақмыс» компаниясының ресми сайты тағы бір қайғылы оқиға туралы хабарлады. 26 желтоқсан күні сағат 18:30 шамасында «Жыланды» кенішінде 31 жастағы машинист қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Желтоқсан, 2023
Медицина университетінде шеберлік сағаты өтті
Медицина саласында толайым табысқа жеткен шетелдік мамандар Астана медицина университетінде шеберлік сабағын өткізді. Он күнге созылған семинарға 700-ден астам медицина маманы қатысып, білім көкжиегін кеңейтті.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында 2100 өзгеше аққала жасалды
Қостанай облысына қарасты Қамысты ауылы тұрғындары 2 100 аққала жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Қаңтар айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Ел азаматтарының қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептеледі
26 желтоқсанда өткен Үкіметтің брифингінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомство 2024 жылы орташа жалақы мен еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін әзірлейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
2024 жылы ел азаматтарын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Еліміздің бірқатар заңдарына енгізілген өзгерістер жаңа жылдан бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері өседі, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталып, балалар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігін алады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы қандай өзгерістер болады? Бұл туралы Egemen.kz материалынан оқи аласыздар.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұланның авиатехника паркі жаңа ұшақпен толықты
Кеше Астана қаласының әуеайлағында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы үшін екінші Y8F200WА көп мақсатты орта көлік ұшағын жеткізу бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
Үкімет көлік саласындағы жыл қорытындысын шығарды
Қазіргі таңда елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз салаларын қамтитын бірқатар ірі көлік жобасы жүзеге асырыла бастады. Үкімет 2023 жылы елімізде көлік саласының даму нәтижелеріне шолу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Желтоқсан, 2023
Елімізде жаңа бес мыңдық банкноталар айналымға шықты
Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Алматы студенттеріне екі жаңа жатақхана берілді
Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттерге тоғыз қабатты екі жатақхананы қолданысқа берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Жаңа жылдан бастап зейнетақы қанша пайызға өседі?
2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрін ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 7 %-ға, ынтымақты зейнетақыны – 9 %-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ілгерілеп арттыру көзделген. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Елімізде тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес биыл қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2023
Экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттердің көбі мұхит немесе теңіз жағасында орналасқан жұмсақ климатты аймақтар. Таиланд, Түркия, Араб әмірліктері, Мальдив аралдары құмды жағалауымен, жағымды ауа-райымен туристерді қысы-жазы қабылдайды. Алайда Франция жоғарыда аталғандардың біріне ие болмастан, саяхатшылар ағылып баратын елдер тізімінде көш бастап тұр. Туризм алпауыттарына айналған бұл елдер қомақты қаржы бөліп, осы саланы дамытуда алдына жан салмайды.