Қоғам • 23 Ақпан, 2024

Бүгін Қазақстан бойынша дабыл белгісі қосылды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан бойынша сирена белгісі қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Қазақстан бойынша дабыл белгісі қосылды

фото: 24.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 23 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

«Сейсмикалық жаттығулар күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады. Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты - жер сілкінісі қаупі мен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру», деді ТЖМ өкілдері.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескертуді елеусіз қалдырмай, сейсмикалық дайындыққа белсене қатысуды ұсынады.