Елорда • 21 Ақпан, 2024

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігі ашық НҚА порталында елордада қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттату туралы ұсыныс талқыланып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Фото: Астана қалалық әкімдігі

Құжатқа сәйкес қоғамдық көлікте жүру бағасы 90 теңгеден 110 теңгеге қымбаттамақ.

Қалалық маршрутта жүру үшін 90 теңгелік тариф кейінгі рет 2014 жылдың қыркүйек айында бекітілген еді.

Ескеретіні, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Тек осы санаттағы жолаушыларда мектептің көлік картасы болуы керек. Олар картаны автобусқа мінгенде валидация жасауы міндетті.

«Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар да бұл жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көпбалалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары», делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.