Ақ
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл жұмыс істеген
Жетісу облысында бұрын істі болған адам балабақшада 9 жыл бойы жұмыс істеп келген. Оны Ақсу ауданы прокурорлары тексеріс барысында анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Иран басшысының қазасына орай көңіл айтты
«Қазақ газеттері» серіктестігінің басшылығы Иран Президенті Ибрахим Раисидің қаза табуына байланысты аталған елдің Қазақстандағы елшілігі мәдени өкілдігіне барып, иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Мамыр, 2024
Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
«19-дың орнына 40 бала». Түркістан облысында тасымал талабын бұзған балабақшалар анықталды
Түркістан қаласының прокуратурасы полициямен бірлесіп балалардың құқықтарын қорғау және оларды қауіпсіз тасымалдау бағытында рейд өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Ақтауға қона алмаған FlyArystan ұшағы Атырауға қонды
FlyArystan компаниясының 7606 Кутаисиден Ақтауға ұшқан әуерейсі Қазақстан әуежайына қону кезінде қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 22 Мамыр, 2024
Қазақстан туризм бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?
Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде 14 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері білім грантын иеленді
ҚР Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі сарбаздарына еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына түсу гранттары табысталды. Арнайы білім гранттары жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен сарбаздарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Мамыр, 2024
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионы атанды
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында бақ сынап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2024
Қытайдағы су бөгетінің бұзылуы Қазақстанға қалай әсер етеді?
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытайдағы бөгеттің бұзылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Астанадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы өзгереді
Елордадағы Сығанақ көшесінде қозғалыс уақытша өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 22 Мамыр, 2024
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге, дәлірек айтқанда 23, 24 және 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Мамыр, 2024
Мәжіліс электрокөліктердің инфрақұрылымын дамыту туралы заңды қабылдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті насихаттау және электромобильдер инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 22 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында 67 мыңнан астам тұрғын акцияға қатысты
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында жалпыұлттық көше тазалау шаралары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Нұрлан Жақыпов Qazaq Air басшысы қызметінен кетті
Нұрлан Жақыпов тағайындалғанына 3 ай өтпестен Qazaq Air басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 22 Мамыр, 2024
Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы биіктен құлаудан сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Өзіміз отырып, шай ішейік: АҚШ елшілігінің бейнежазбасы көпшілікті сүйсіндірді
Халықаралық шай күніне арналған қысқа ғана бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 21 Мамыр, 2024
Күләш Байсейітова есімін Астанадағы университетке беру туралы шешім қабылданды
Мемлекет басшысы еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе берілетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Қазақстан мен Түркия Парламентінің спикерлері Түркістанға барды
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің спикері Нуман Куртулмуш түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2024
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 21 Мамыр, 2024
Ел азаматтары Оманға тікелей рейс арқылы ұша алады
Қазақстан азаматтары Оманға тікелей рейспен ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Мамыр, 2024
ШЫҰ Бас хатшысы Сыртқы істер министрлерінің кездесуін қорытындылады
Бүгін Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы мамырға дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі мақұлданды. Сондай-ақ отырысты ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 21 Мамыр, 2024
Алматыда киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталды
Алматыда 1 212 дана ақбөкен мүйізін сатпақ болған төрт адам ұсталды. Заңсыз әрекет қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Мамыр, 2024
Түркістан облысында балабақша өртенді
Бүгін Сайрам ауданында 70 шаршы метр алаңда бір қабатты жекеменшік балабақшаның шатыры өртеніп кеткен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2024
Соттылығы бар қызметкердің мектепте жұмыс істеуі: Қандай шаралар қабылданды?
Қазақстанда қылмыстық соттылығы және психикалық ауытқулары бар адамдарды мектеп пен балалар лагерлеріне жұмысқа орналастыру фактілері бірнеше рет анықталды. Ғани Бейсембаев мұндай оқиғалардан кейін министрлік қандай шара қолданғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматтығын алу үшін сынақтан өту керек - Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер тестілеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2024
Жаңаөзенде балабақша есепшісі жеке шотына 30 млн аударған
Жаңаөзен қаласы прокуратурасы екі мемлекеттік балабақша есепшісінің бюджет қаражатын жымқырып келгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2024
Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне оралуы мүмкін бе?
Үкіметте өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев кейбір өңірлердің бұрынғы уақыт белдеуіне қайта оралуы мүмкін деген мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2024
Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданына барды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ең алдымен көктемгі су тасқыны салдарынан 14 үй зардап шеккен Жалаулы ауылына барды. Олардың бесеуі комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.