Шахмат • 03 Шілде, 2024

Қазақстан шахматшысы Сербияда күміс олжалады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның бас шаһары Белградта есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан шахматшысы Сербияда күміс олжалады

Фото: csp_parasport.kz

Аталған әлемдік додада отандасымыз Сұлтан Қожахметов рапидтен жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрініп, күміс жүлде еншіледі.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, 30 елден 128 cпортшы, оның ішінде Қазақстан тарапынан 17 спортшы қатысып жатыр.

Аталған жарыс 6 шілдеге дейін өтеді.