он
Экономика • 10 Қараша, 2025
Бауыржан Тұрлыбеков: Статистикаларды ескерсек, жыл соңына дейін өте жақсы нәтижеге жетеміз
Биыл 10 айдағы есепті басшылыққа алсақ, ЖІӨ-нің ең көп үлесі өнеркәсіп саласына тиесілі екенін байқаймыз. Бұл бағытта өсім 7,3% құраған. Осылайша, саланың жалпы өсімдегі мөлшері – 30% құрапты. Егер осы нәтижені сауда және көлік салаларымен қоса есептесек, үлес жалпы мөлшердің 70%-нан асады. Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, жетекші салалардағы өсімнің есесіне қаңтар-қазан айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қараша, 2025
Ел экономикасының дамуы: ІЖӨ өсімі 6,4%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Қараша, 2025
Ғалымдар жерге жақындап келе жатқан бөгде планеталықтардың сигналын тапты
Астрономдар 24 қазан күні Оңтүстік Африкадағы MeerKAT радиотелескопымен 3I/ATLAS объектісінен сигнал қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін осы сызықтар бойынша сигналды анықтау әрекеттері сәтсіз болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қараша, 2025
Тарихи медаль: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде күміс жүлде иеленді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орын алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қытайда Aqmola Invest өкілдігі ашылды
Қытай Халық Республикасына ресми сапар аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бастаған өңір делегациясы Шанхай қаласындағы Ұлттық көрме орталығында өтіп жатқан Халықаралық импорт көрмесіне (CIIE 2025) қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Stadler вагондары климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда құрастырылған жаңа Stadler жолаушылар вагондары елдің әртүрлі өңірлеріндегі күрделі климаттық сынақтардан табысты өтті. Заманауи пойыздар -30°C суықта да, аптап ыстықта да сенімді жұмыс істей алатынын дәлелдеп, қазақстандық теміржол жүйесіне бейімделгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмолада вагондар рельстен шығып кеткен
Оқыс оқиға – аталған облыстың Макинка станциясы маңындағы «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында болған, 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде Дональд Трампқа Қазақстанға қонақ болу жоспарыңызда бар ма деген сауал қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 06 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады
Қазақстан Президенті Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 06 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық конгрессмендерді қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Джимми Панеттамен, Кэрол Миллермен, Билл Хайзенгамен және Сидни Камлагер-Давпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қараша, 2025
Сот орындаушыларға AdiletGov мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады
AdiletGov мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап 2,5 мыңнан астам азамат сот орындаушыларына жүгініп, өз мәселелерін орындаушылық іс жүргізу шеңберінде шешті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қараша, 2025
Қазақстан экономиканы өсіру үшін қандай бағыттарға басымдық береді?
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев 2025 жылғы 5 қарашада Лондонда өткен Kazakhstan Capital Markets Day 2025 халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Мемлекеттік қызметті онлайн алатындарға қатысты ерекше жаңалық жария болды
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа функция іске қосылды – енді ел азаматтары мемлекеттік қызметтер бойынша өз өтінімдерінің мәртебесін үйден шықпай-ақ қадағалай алады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Қараша, 2025
80 жастағы қазақстандық спортшы Нью-Йорк марафонын бағындырды
Марафонға әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 55 мыңнан астам, ал Қазақстаннан 44 спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды
Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар дәрілік препараттардың бағасы төмендегенін мәлім қылды. Ведомство мәліметінше, бағасы арзандаған дәрілер – мемлекет тарапынан реттелетін препараттар, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
АҚШ Қазақстанның энергетикалық әлеуетіне сенім білдіріп отыр
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «ADIPEC-2025» халықаралық энергетикалық форумы аясында АҚШ-тың Ішкі істер министрі Даг Бергуммен кездесті. Тараптар америкалық компаниялармен 30 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асып келе жатқан бірлескен жобаларды дамыту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Спорт министрі: Елімізге 14 жаңа стадион керек
Бүгінде елімізде 25 760 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 678-і – мемлекеттік, ал 2 082-сі – жекеменшік нысандар. Бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов халықтың спортпен айналысу мүмкіндігін арттыру үшін бірқатар аймақта жаңа стадион салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Қараша, 2025
Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз
Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар қолданыстан шығып, олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол танымал тележүргізуші Джо Роганмен сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Алатау қаласының ХҚКО-ында электронды кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілді
Азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 5 - қарашасынан бастап Алматы облысы, Алатау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) электронды кезекті алдын ала брондау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында жерлестеріміз бір-ақ алтын алды
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
2025 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан экономикасының өсімі 6,3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш елдің тұрақты даму қарқынын айғақтайды, деп жазады Egemen.kz. Бұл туралы экономист Руслан Сұлтанов Tengenomika телеграм-арнасында түсіндірді.
Аймақтар • 03 Қараша, 2025
Шортандыда карбон полигоны ашылды
Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер жағдайында карбонды егіншілік аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
СҚО аумағындағы қорғаныс бөгетін нығайтуға қомақты қаржы бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президенттің су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Лизинг пен автонесиенің айырмашылығы қандай?
Мемлекет басшысы жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент пәрменінен кейін Үкімет бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын хабарлаған. Соның бірі – халықтың жаңа көлік тізгіндеуіне мүмкіндік беретін жеке азаматтарға лизингпен көлік рәсімдеу мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 02 Қараша, 2025
Ертіс-Баян өңірінде инвестициялар көлемі 30,3 пайызға өскен
Болжамдарға сүйенсек, биылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңір экономикасының барлық негізгі бағыттарында оң серпін сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қараша, 2025
Роналду дубль жасап, мансабындағы гол санын 952-ге жеткізді
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатында кезекті рет жарқырады. «Әл-Наср» мен «Әл-Фейха» арасындағы кездесуде Роналду екі гол соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 01 Қараша, 2025
Мәйіт доноры: 6 адамның өмірін сақтап қалды
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында қайтыс болғаннан кейін донордан, 1962 жылы туған әйелден көп ағзалық ағзалар алу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанды одан әрі жаңғыртудың жаңа қадамдары Е.Қарин баяндамасының негізгі өзегі болды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.