Фото: Қонаев әкімдігі
Қазір қалада құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жалғасып, бірқатар шағын ауданда электр желілері қалпына келтіріліп жатыр.
Қаладағы 1-11-ші сынып оқушылары түгелдей қашықтан оқуға көшірілген.
Қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарымен жиын өткізіп, боранның салдарын жою бойынша тапсырмалар берді. Ал зардап шеккен тұрғындарға заң аясында көмек көрсетілетіні жарияланды.
Тұрғындар боран салдарына қатысты сауалдарына 109 қызметі арқылы жауап ала алады.