АСА
Балалар • 20 Қараша, 2023
Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушы • 17 Қараша, 2023
Атыраулық құтқарушылар жоғалған қызды аман-есен тапты
Атырау қаласында 14 қарашада сағат 21:50-де үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған жиырма жастағы қызды бүгін сағат 10:20-да атыраулық құтқарушылар аман-есен тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Атырауда кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол осы кезге дейін Исатай ауданының әкімі болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Қараша, 2023
Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынуына байланысты ІІМ пікір білдірді
Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Жүз екі жастағы майдангер аудан әкімі сайлауында өз таңдауын жасады
Қызылорда облысына қарасты Сырдария, Шиелі аудандары әкімдерін сайлау өтіп жатыр. Осы орайда сырдариялық 102 жастағы майдангер Яхия Тасыров алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Қараша, 2023
Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қазан, 2023
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өнер • 16 Қазан, 2023
Жасанды интеллект суретшілерді алмастыра ала ма?
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктері, соның ішінде қылқалам өнері, шығармашылық индустрия ортасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір нейрожелілер көркем шығармаларды жасаудың жаңа құралы ретінде белсенді қолданылады, оған студенттер де білдей сала иелері де машықтанып алған. Себебі ол арнайы білім беруді қажет етпейді, өнер саласында таза техникалық дағдыларға ие болу қажеттілігінен де арылтады.
Сенат • 13 Қазан, 2023
Жастар Сенат Төрағасына қандай уәж айтты?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақ жастарын біріктіретін қауымдастықтың мүшелері Астанада өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін арнайы келген, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс - Президент
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумындағы баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Президент: Жасанды интеллектіні дамыту үшін стратегиялық құжат қабылдау керек
Мемлекет басшысы Digital Bridge форумындағы баяндамасы барысында жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 12 Қазан, 2023
Мектептерде информатиканы оқыту сапасын арттырған жөн - Президент
Digital Bridge форумына қатысқан Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу адамдарға арналған жұмыс орындарының жаппай жойылуына алып келмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қазан, 2023
Ғабит Садырбеков Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Қазан, 2023
Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған Ұлан Байжановты лауазымынан босатты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қыркүйек, 2023
Бас Прокурордың орынбасары қызметінен босатылды
Болат Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды түрде көрсетіледі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде жасаған баяндамасында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Қыркүйек, 2023
Әлеуметтік осал топтардан шыққан мектеп түлектері ЖОО-да тегін оқиды
Астанада халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мектеп түлектеріне елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқу ақысын төлеуге арналған сертификаттар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2023
Елорда әкімінің орынбасары тағайындалды
Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбековтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа орынбасар тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес әкімнің орынбасары болып 45 жастағы Ерсін Өтебаев тағайындалды, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 01 Қыркүйек, 2023
Тоқаев: Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалану керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2023
«Асар» дәстүрі аясында мұқтаж отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Кәріқорған ауылының тұрғыны Дорош Василий «Асарлатып үй салу» жобасы шеңберінде баспаналы болды, деп жазады Egemen.kz.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Тамыз, 2023
Жетісу облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әсет Қанағатов облыс басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz7
Әскер • 16 Тамыз, 2023
Қазақстандық екі жауынгердің сүйегі туған жерінде қайта жерленеді
Астанада Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін жақындарына тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2023
Елімізде жасанды балық өсіруден Түркістан облысы көш бастап тұр
Түркістанның балық өсірушілері өз өнімдерін шетелге экспорттап жатыр. Облыста балық шаруашылығы дамып келе жатқан аумақтың бірі - Жетісай ауданы, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 08 Тамыз, 2023
БҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.
Медицина • 02 Тамыз, 2023
Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның қозғалуына мүмкіндік берді
Инновациялық ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның сезімталдығы мен қозғалғыштығын ішінара қалпына келтірді.
Үкімет • 01 Тамыз, 2023
Машина жасау саласы өнімдерінің экспорты 3 есе артады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында машина жасау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 31 Шілде, 2023
Елордада масаға қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аумағында түнгі уақытта сағат 21.00-ден 04.00-ге дейін 6 тур бойы басқа өңірлерден масалардың көші-қонын болдырмау мақсатында қорғаныс жасай отырып, шыбын-шіркейлерді құрту іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 24 Шілде, 2023
ANTIKOR БҚО әкімінің орынбасары ұсталғанын жоққа шығарды
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.