е
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару тек қаржылық көрсеткіш емес, оның артында нақты әлеуметтік маңызы бар жобалар мен адамдардың тағдыры жатыр. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды тетігі. Соның айқын дәлелі ретінде Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2026
Демалыста жұмысқа жеккен: Алматыда офицер бағынушысына күш қолданғаны үшін сотталды
Алматы гарнизонының әскери соты бағынушысына қатысты заңсыз әрекетке барған офицерге үкім шығарды. Сот оны қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танып, жаза тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Мұраға қалған мүлікті қалай дұрыс рәсімдеу керек?
Жақын адамнан айырылу – кез келген адам үшін ауыр соққы. Осындай кезеңде туыстар тек қайғыны еңсеріп қана қоймай, бірқатар құқықтық мәселелерді де шешуге мәжбүр болады. Соның ең маңыздыларының бірі – мұраны рәсімдеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Шалқар ауданының Тоғыз ауылында қайтарылған қаражат есебінен салынған медпункт пайдалануға берілді. Бір ауысымда 25 тұрғынды қабылдауға әзір Тоғыз ауылындағы емдеу мекемесі Президент тапсырмасына сәйкес, «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қайтарылған активтер есебінен салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов: Геологиялық барлау саласы отандық өнеркәсіптің стратегиялық негізіне айналды
Премьер-министр Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia (GECA 2026) халықаралық геологиялық форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Петропавлдағы көпқабатты үйден өрт шықты: 13 адам эвакуацияланды
Бүгін Петропавл қаласының Астана көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 5-інші қабатындағы пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2026
Алматыда дүнген этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтады
Алматыда Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Оған этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым, Қырғызстаннан келген қонақтар мен жастар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 03 Сәуір, 2026
Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды
Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, Талдықорған қаласында жасырын жұмыс істеген екі есірткі зертханасын анықтап, олардың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2026
«Алдағы 2-3 аптада Иранға жойқын соққы жасаймыз»: Трамп соғыстың қашан аяқталатынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттердің негізгі мақсаттары орындалып жатқанын және операция жақын уақытта аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 2-3 апта ішінде Иранға жойқын соққы жасалуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 03 Сәуір, 2026
Юлия Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті
Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Сәуір, 2026
Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады
11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін футболдан әлем чемпионатында 48 команда бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Мамырдағы мерекелер: Қазақстанда қанша күн демалыс беріледі?
Елімізде мамыр айында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні тойланады. Сондай-ақ Құрбан айт та мамыр айына келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2026
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Өскеменде қаланың бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталып, үкім жарияланды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 03 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ширек финалы басталды. Бүгін құрама сапынан Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Сәуір, 2026
Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
4 және 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бұл жағдайға атмосфералық қысымның ауысуы әсер етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2026
Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты
ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын арттыру туралы келісімге келуі мүмкін, алайда бұл шешімнің бастапқы кезеңде нарықтағы ұсынысқа айтарлықтай ықпалы болмауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштер саласында екі лауазымды тұлға қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Алматыда сүндеттелген бала ауыр асқынулармен ауруханаға түсті
Алматыда сүндеттелген баланың ата-анасы жарты жылдан бері аурухана жағалап жүр. Себебі баласының жыныс мүшесі сүндеттелгеннен кейін асқына бастап, некрозға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Сәуір, 2026
Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды
Елімізде тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі қайта қаралып, ауқымды тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 16 537 адам кезектен шығарылып, тағы 75 456 азаматқа кезекке тұруға рұқсат берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Сәуір, 2026
Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі
Алматыда ауқымды инфрақұрылымдық жоба – халықаралық әуежайды жаңғырту жұмыстары қарқын алғандықтан өткізу қабілеті артып, сервистік деңгейі жаңа сатыға көтеріледі. Horizon жобасы шеңберінде жүзеге асып жатқан бұл бастама әуежайдың келбетін түбегейлі өзгертеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 03 Сәуір, 2026
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» көрме-биенналесі ашылды. Сызық пен штрихтың сырлы әлемін сөйлетіп, графика өнерінің бүгінгі тынысын танытқан көрмеге үздік шеберлердің туындылары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медицина мамандарының атын жамылып, алаяқтық мақсатта қоңырау шалатындардың көбейгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Сәуір, 2026
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Елордада жол қауіпсіздігіне қатер төндірген заңсыз көше жарысына тосқауыл қойылды. Қауіпті әрекетке барған жүргізушілер тобы дер кезінде тоқтатылып, жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Сәуір, 2026
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026-2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
«Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Сәуір, 2026
Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді
Елордадағы Паралимпиадалық орталықта параволейболдан ұлттық құрама ойыншылары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алда бірнеше дүбірлі дода бар. Жақында білікті маман Бауыржан Тахауовтан тәлім алатын жігіттердің әзірлік барысымен танысып, бас бапкермен тілдесіп қайттық.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?
Қазіргі таңда интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге түрлі қауіптердің де алаңына айналып отыр. Терроризм орталығының және Абай облысы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мәліметіне сәйкес, радикалды идеологиялар көбіне дәл осы цифрлық кеңістікте таралады. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жастарды деструктивті ағымдарға тарту фактілері жиілеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2026
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Нысана көздеуден Әлем кубогінің кезеңі Испанияның Гранада шаһарында өтеді. Оған қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.