аз
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
«Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы өтті
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен «Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы өтіп, тараптар соңғы он жылдағы серіктестіктің жетістіктерін саралап, алдағы басымдықтарды айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 02 Желтоқсан, 2025
Нанкинде «Янцзы дельтасы – Орталық Азия 2025» форумы өтті
Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясындағы ежелгі Нанкин қаласында «Янцзы өзенінің дельтасы – Орталық Азия 2025» мәдениет және туризм таныстырылымы өтті. Ауқымды шара Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай арасындағы өңіраралық ықпалдастықты күшейтіп, жаңа Жібек жолының қазіргі заманғы бейнесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 желтоқсанда Астана қаласында және еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Руханият • 01 Желтоқсан, 2025
Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Биыл жазушы, халық мұрасын жинаушы Оразбай Егеубаевтың туғанына 90 жыл. Осыған орай Алматыда жазушы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, «Шетелдегі қазақ руханияты: жиналуы, жариялануы, зерттелуі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Аустралияның Сидней қаласындағы Crown казиносында Қазақстаннан барған ерлі-зайыпты жандар жасырын камера мен құлаққаптарды пайдаланып, 1,18 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 01 Желтоқсан, 2025
Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?
2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның туристік сақтандыру нарығында өсу көрсеткіші байқалды
Туристік сақтандыру нарығы дүниежүзінде тұрақты өсіп жатыр. Бұл динамикаға халықаралық сапарлардың артуы, сақтандыру саласына цифрлық шешімдердің енгізілуі және туристер полистерді онлайн рәсімдейтін платформалардың кеңеюі әсер етіп отыр. Мемлекеттік құрылымдар мен туроператорлардың саяхат кезінде сақтандыруды негізгі қорғаныс құралы ретінде жиі ұсынуы да сұранысты арттырып отыр. Қазақстанда да туристік сақтандыру нарығы өсіп келеді, бірақ сегменттің үлесі небәрі 1%, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Желтоқсан, 2025
Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 2025 жылғы 1 желтоқсанда республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорғанда ерекше форматтағы акция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қараша, 2025
БҚО-да қос азаматтығын жасырған әйелге айыппұл салынды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
Қызылордада жеке сектордағы тұрғын үй қасбеттерінің кемшіліктерін ретке келтіріп, санитарлық-норма талаптарын бақылайтын жұмысшы топ тұрақты рейд жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қараша, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қараша, 2025
Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты
Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 28 Қараша, 2025
Астанада сазгер Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтті
Еліміздегі Композиторлар одағының мүшесі, сазгер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, республикалық ән байқауларының жүлдегері, биыл ғана 45 жасқа толған Дулат Айтжановтың ән кеші өтті. Ақтөбелік сазгердің кеші батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Әлия – дастан» деп аталды. Елордадағы концерт аншлагпен өтті.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме туралы шешімінен кейін доллар күрт арзандады
Бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешімін жариялады. Осы қадамнан кейін АҚШ ақшасы 4,25 теңгеге арзандады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 28 Қараша, 2025
Өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?
Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс орталығы» ғимаратында Мемлекет басшысының қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог алаңы» тақырыбында республикалық форум өтті. Форум аясында «Клиентке бағдарланған сервистік мемлекеттік қызмет: диалог, кәсібилік, ашықтық» тақырыбындағы арнайы панельдік сессия ұйымдастырылып, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 28 Қараша, 2025
Қазақстаннан шыққан жас талант балет әлемін тәнті етті
Балет әлемінде жаңа есім жарқырады. Студент Әбілмансұр Сырманов биылғы маусымда екі бірдей беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Осылайша жас балет әртісі өз есімін халықаралық өнер тарихында қалдырып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Темекі қалдығы үшін қоғамдық жұмысқа тартылды
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
Күрес түрлері бойынша құрама қайта жасақталады
1–6 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2025
XXV жазғы Сурдлимпия ойындарын Қазақстан неше медальмен аяқтады?
26 қарашада Жапонияның бас шаһары Токиода XXV жазғы Сурдлимпия ойындары мәресіне жетті. Оған қатысқан ұлттық құрама 8 алтын, 4 күміс, 13 қола, барлығы 25 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 27 Қараша, 2025
Астанадағы Кирпичный елді мекеніне газ берілді
Елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан Кирпичный елді мекені табиғи газбен қамтылды. Енді бұл аумақтағы тағы 255 үй табиғи газды тұтынады. Газ беру рәсіміне Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының өкілдері мен тұрғындар қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 27 Қараша, 2025
Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті
Күдіктілер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, Қытай азаматтарынан ақша бопсалаған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қараша, 2025
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?
Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2025 жылдың маусым айының соңында елдің сыртқы қарызы 172,8 млрд долларды құрап, жылдық мәнде 3,6%-ға артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Қараша, 2025
Танымал тұлғалар есірткіге қарсы күрес акциясына атсалысты
Бүгінде оңай олжаға кенелуді көздейтін жастар есірткі тасымалдап, әлеуметтік желі арқылы саудалап жүр. Әрекеті әшкере болғандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Себебі заң бойынша есірткі саудасына қатысқандар 14 жастан бастап жаза арқалайды. Жастар балғын шақтан қатаң түрме тезіне түсіп, болашағына балта шаппас үшін ел аумағында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 27 Қараша, 2025
Ақылы автожолдардан түскен 72 млрд теңге қайда жұмсалды?
2025 жылдың қаңтар–қазан айларында ақылы жолдардан 72 млрд теңге (ҚҚС-пен) түсті. Бұл көрсеткіш ақылы жолдар желісінің 4 883 шақырым болатын 26 учаскеге дейін кеңеюімен тығыз байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2025
Алматыда 15 жастағы жасөспірімді заңсыз акцияға қатыстырған жетекшіге айыппұл салынды
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында өткізілген қайырымдылық акциясына қаражат жинауға қатыстырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қараша, 2025
Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейсі ашылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қызылжарға бір мезгілде ауыз су, жарық, газ келді
Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданына толық инфрақұрылым жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кімдер алады?
2025 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша, бұл төлемді 207 780 адам алған, оларға 22,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қараша, 2025
Биыл Disney-дің үшінші фильмі қазақ тіліне аударылды
Disney компаниясы өз қаражатына «Аңдар шаһары 2» фильмін қазақ тілінде дубляждады, деп хабарлайды Egemen.kz.