астана
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Астанада шекарашы батырды еске алуға арналған турнир өтті
Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Қыркүйек, 2025
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып алуда. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның футболшылары Астанада Лихтенштейнді қабылдайды
Футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге және 13 қазанда Скопьеде Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қыркүйек, 2025
Астанада 29-30 қыркүйекте алғашқы LRT пойызы жолға шығады
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс алаңында келесі аптада LRT-ның бірінші пойызы іске қосылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
Жылумен қамту - жауапты міндет
Елімізде жылыту маусымына дайындық кезеңі соңғы сатыға таяды. Алдағы күз-қыс маусымында тұрғындардың жайлы өмір сүру үрдісін үзбеу үшін мамандар жауапты кезеңге әзірлікті пысықтап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионы атанғандарды қабылдап, жарқын жеңістермен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Астана әкімдігі бокстан әлем чемпиондарына 30 млн теңге берді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыларды қабылдап, оларға 30 миллион теңге қаржылай сертификат табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2025
Грек-рим күресінен 26 жыл аңсаған алтынды тарту еткен Айдос Сұлтанғали елге оралды
Астана әуежайында Загребте өткен әлем чемпионатында алтыннан олжа салған Айдос Сұлтанғали мен құрама спортшыларын жанкүйерлер қошаметпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Қыркүйек, 2025
Астанада өткен Backstreet Boys концертіне 45 елден турист келген
21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада жалпықалалық ауқымды сенбілік басталды
Елордада 20 қыркүйек күні таңертең «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты экологиялық акция және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында жалпықалалық сенбілік басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2025
Астанада Жұмысшы мамандықтар аллеясы ашылды
Елордадағы Сарайшық ауданында Қазақстан Президенті жариялаған 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Архив • 20 Қыркүйек, 2025
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында Ашық есік күні өтті
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында Ашық есік күнін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қыркүйек, 2025
Үйінде есірткі өсірген астаналық ұсталды
Ер адам үйінің бір бөлмесінде шағын жылыжай жабдықтаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан 15 құмыраға егілген тыйым салынған өсімдіктер мен оларды өсіруге арналған қажетті құрал-жабдықтарды тәркілеген, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Қыркүйек, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды
Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия», деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 16 Қыркүйек, 2025
Digital Bridge 2025: жасанды интеллект пен технология саласындағы көшбасшылар Астанада бас қосады
2-4 қазан күндері Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық форумы өтеді. Бұл іс-шарада жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық капитал, ғылым мен білім саласының әлемдік сарапшылары бас қосып, өзара пікір алмасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2025
Астанада көмірдің орташа бағасы қанша?
Елордада көмір сатуға арналған 17 қойманың 14-і халыққа қызмет көрсетіп отыр. Барлық сату орындары тиеу-түсіру техникасымен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2025
Астанада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Елордада Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 650 тоннадан астам өнім ұсынды. Жәрмеңке сөрелерінде ет, сүт өнімдері, балық, ұлттық тәтті-дәмділер және басқа да тауарлар бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек
Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізбекші. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.
Елорда • 12 Қыркүйек, 2025
Астанада 12,5 шақырым жаңа жол салынады
Биыл елордада жалпы ұзындығы шамамен 12,5 шақырым болатын жаңа жолдар салынып, ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 50 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Қыркүйек, 2025
Сенат инновациялық қызметті қолдау заңын мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада жедел автобустар пайда болады
Астанада жаңа қоғамдық көлік түрі – жедел автобустар пайда болады. Бұл туралы Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Елордада өткен айда пәтер жалдау құны күрт қымбаттады
Астанада тамыз айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы мен пәтер жалдау құны қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бір бөлігі жабылады
9-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабаты төселеді. Осыған байланысты Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада түнгі клубтардың бірінде жігітті пышақтап кетті
Әлеуметтік желілерде Астанадағы түнгі клубтардың бірінде 19 жастағы жігіттің өлімі туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 08 Қыркүйек, 2025
Қыздар университеті ұстаздардың AI технологияны меңгеру дағдысын арттыруда
Болашақ ұстаздар – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университтетінің 12 мыңнан астам студенті мен магистранттары Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларындағы курстарды аяқтап, біліктілігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қыркүйек, 2025
«Ұлттық диктант» жобасы басталды
2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Астана қаласындағы Назарбаев университетінде «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» атты республикалық конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Қыркүйек, 2025
Тазабек астаналық жанкүйерлердің жүрегін тағы да жаулап алды
Бүгін, 4 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Уэльс құрамаларының кездесуі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Атырау көпіріне көлікпен шыққан астаналық қамауға алынды
1 қыркүйек күні Hyundai Accent автокөлігінің иесі Атырау көпіріне шығып, жол ережесін өрескел бұзып, айналасына құрметсіздік танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.