іс
Оқиға • Кеше
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Арыс – Шардара тас жолында жасөспірімдер мінген көлік апатқа ұшырап, қайғылы жағдай тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Теміртау қаласында балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтергені туралы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Айгөлек балабақшасы мекемесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Қала көшесінде қауіпті маневр жасаған жүргізуші ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Полиция өкілдері мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • Кеше
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Алматыда Ұлттық ғылым академиясында «Science & Business» V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ғылымды дамыту, ғылым мен бизнесті ықпалдастыру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне арналған жиын Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен «Жалын» ғылыми-өндірістік-техникалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытында жасаған жұмыстарының нәтижесінде сәуірдің екінші онкүндігінде Жамбыл облысының Сарысу ауданында жылқы ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2026
Жетісу өңірінде Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жарыс өтті
Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін жасөспірімдердің республикалық турнирі дүркіреп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 22 Сәуір, 2026
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Түркістан облысы, Отырар ауданында қалың жұрт көрнекті ақын, ұлт қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасты. Ақынның аманатына сай, жаназасы оқылып, туған жерінің топырағына жерленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 22 Сәуір, 2026
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталды. Отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Павлодар қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан ерекше көпірде тағы да өрт шықты. Бұл – жыл басынан бері осы нысанда тіркелген екінші өрт жағдайы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Моңғолия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісі жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асты. Іс бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Сәуір, 2026
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Қазақстанда мұғалімдерді аттестациялау тәртібі өзгеріп, пилоттық модель енгізіліп жатыр. Бұл туралы Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Жетісу облысында мектептердегі медициналық қызмет сапасына қатысты өрескел заңбұзушылықтар анықталды. 3 мыңнан астам оқушы дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылған, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 20 Сәуір, 2026
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Жапонияның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты елдің метеорологиялық агенттігі цунами қаупі туралы ескерту жариялап, алдағы бір апта ішінде тағы да күшті дүмпулер болуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 20 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Мароккода өтіп жатқан ИКАО GISS-2026 жаһандық симпозиумы аясында Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Кездесуде тараптар жаңа рейстер ашу, әуе рейсі жиілігін арттыру мәселеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Үндістанның Тамилнад штатында орналасқан фейерверк шығаратын зауытта жойқын жарылыс болып, 23 адам қаза тапты. Тағы алты жұмысшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Сәуір, 2026
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан дзюдошылары күміс медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Иранның Азаматтық авиация басқармасы 18 сәуір күні таңертеңнен бастап елдің әуе кеңістігін ішінара ашқанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2026
Жетібайдағы балабақшада шу шықты: Директордың ұлы тәрбиеленушілерді кеңсе пышағымен қорқытқан ба?
Маңғыстау облысы Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасының айналасында үлкен дау басталды. Ата-аналардың айтуынша, мекеме басшысының ұлы өзге бүлдіршіндерге кеңсе пышағымен қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Сәуір, 2026
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында болған көлік өртіне дер кезінде әрекет етіп, адамдарды аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Сәуір, 2026
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
2026 жылдың қаңтар – ақпан айларында Қазақстанда портландцемент өндірісі 1,6 миллион тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жарым еседен астам өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 1,1 миллион тонна болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Сәуір, 2026
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 16 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.