Taza.kz
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Серікбол ТІЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

Басылым • 28 Қаңтар, 2026

Желі. Жазба. Жеделдік

Әлеуметтік желіні әркім әрқалай қолданады. Біреу есеп берсе, енді біреу естелігін бөліседі. Тағы біреу танылудың мүмкіндігі, күнделік есебінде пайдаланатындар да бар. Желіде әртүрлі саланың адамы отыр. Ал журналистерге желі, соның ішінде фейсбук парақшасы шығармашылық алаңы іспетті. Желінің сондай мүмкіндігін пайдаланған қаламгердің бірі – эссеист, публицист, ғалым Бауыржан Омарұлы.

Тарих • 27 Қаңтар, 2026

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Қазір бұл қызды көп адам біле бермейді. Алайда кеңес одағы кезінде Жамбыл секілді ол да біраз дәріптелді. Жыр алыбымен кездесуі ұйымдастырылды. Ол қазақтың алғашқы әртістерінің бірі Хасия Камардинова еді.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2026

Абай қарасөздері «Әлем жады» тізіміне енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлт­тық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде Абай ілімінің ұлт­тық бірегейлігіміз мен болмысымыздың өзегі болуға тиіс екенін айта келіп, ақын­ның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзегін жоғалтпайтынын жеткізді.

Таным • 23 Қаңтар, 2026

Қамқорлық қағидасы немесе ізгі дәстүрді жалғастырғандар

Қазақта әуелден бір жақсы қасиет бар. Ол – өзінде аз болса да, басқаларға көмектескісі келіп тұратыны. Бұған қатысты көп мысалды Алаш тұлғалары шығарған «Қазақ» газетінен байқауға болады. Әсіресе оқуға деген талабы күшті, алайда тұрмысы төмен шәкірттерді қолдауда газеттің қосқан үлесі зор болды. Газет бетінен «Мұқтаж шәкірттерге жәрдем» деген арнаулы айдар ашып, әр жерде білім алып жатқан қазақ шәкірттеріне ел ішінен қаражат жинады. Осылайша, бір баланың болса да оқуын ойдағыдай аяқтауына қолғабыс жасады.

Таным • 23 Қаңтар, 2026

Жазу миды жаттықтырады

23 қаңтарда бүкіл әлемде Қолмен жазу күні тойланады. Бұл атаулы күнді Жазу құралдарын өндірушілер қа­уымдастығы енгізген. Баста­машылар бұл күні бар­лық технологиялық құрыл­ғыларды жиыстырып қойып, қолмен жазуға келіскен. Алайда әзірге бұл мүмкін болмай тұр.

Қоғам • 17 Қаңтар, 2026

Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылданады

Абай атындағы мемле­кеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды. Мем­лекеттік сыйлық отан­дық және шетелдік авторларға әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалары үшін беріліп келеді.

Таным • 16 Қаңтар, 2026

Жеке пароход иеленген қазақ

Уфаға барған іссапарымызда татар-башқұрт ауқаттылары арасынан байлығымен аты шыққан Исмайылбек Ахметкерейұлы есімді қазақ меценатының есімін кезіктірдік. Кеңес өкіметі құрылғанға дейін қазақтың небір байлары ғұмыр кешкені белгілі. Олардың бірі мал, енді бірі егін шаруашылығымен айналысты. Сауда-саттықты кәсіп етіп, ірі жер иеленуші ретінде аты шыққандары да кездесті. Сондай ауқатты қазақтың бірі Елабұға уезінің (қазіргі Татарстан) ірі жер иеленушісі Исмайылбек Ахметкерейұлы еді. Ол сауда-саттықпен, жүк тасымалымен де шұғылданды. Исмайылбектің Пермь мен Уфа қалалары аралығында жүк таситын «Дина» деген жеке пароходы да болған екен.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2026

Балалар әдебиетінің бағбандары

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жа­нын­дағы Балалар мен жасөс­пірімдер әде­бие­ті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.

Өнер • 14 Қаңтар, 2026

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Қазақтың ұлттық құндылығының бірі – төл өнері. Біздің ұлтты басқалардан ерекшелендіріп тұрған да осы – ұлттық өнер. Сол себепті бұл саланы дәріптеуге, дамытуға ерекше бетбұрыс бар.

Руханият • 28 Қараша, 2025

Шәкірттер шығарған «Садақ»

Осыдан 110 жыл бұрын, 1915 жылдың 9 қарашасында Уфа қа­ласындағы «Ғалия» медре­сесінде оқыған қазақ шәкірт­тер «Садақ» қолжазба журна­лының алғашқы санын шығар­ды. «Садақ» журналы туралы алғаш­қы мағлұматтарды қалың оқырманға Қайыржан Бекхожин мен Тұрсынбек Кәкішев таныстырды. 

Яндекс.Метрика