 
                                                            Сараптама • 21 Қазан, 2025
Шағын бизнес: мүмкіндік кезеңі
Үкіметтің макроэкономикалық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қабылдаған шешімдерін шағын және орта бизнес (ШОБ) үшін сүйінші хабар болды деуге негіз бар ма? Бұған мен «иә» деп жауап берер едім. Дегенмен ескере кетер бір маңызды жайт бар, бұл – үзіліс, күш жинау мүмкіндігі. Бізге тыныстап, бизнесті ретке келтіруге уақыт берілді: қаржылық жоспарлауды, стандарттау мен жүйелеуді енгізуге және басқа да маңызды істерді қолға алуға мүмкіндік туды.
Пікір • 31 Шілде, 2025
Елімізде кәсіпкерліктің қанат жайып келе жатқанына қарамастан франшизалар үлесі әлі де төмен. 2 пайызға да жетпейді. Франчайзинг – жай бизнес-модель емес, бұл – инфляция, белгісіздік және цифрлы трансформация жағдайындағы бизнес ауқымын кеңейтудің тиімді құралы. АҚШ пен Еуропада франчайзинг шағын және орта бизнестің (ШОБ) басты қозғаушы күші ретінде баяғыда-ақ мойындалған. Бірақ біздің елде бұл бағыт әлі де болса экономиканың жеке саласы ретінде қарастырылмайды.
Пікір • 04 Маусым, 2025
Қоғамдық тамақтану саласы – ауыр бизнес. Мұнда бәсеке жоғары, кадр тапшы және ұдайы қысым бар. Салаға аяқ баспас бұрын өзіңізге «мен 24/7 жұмыс істей аламын ба?», «осы салаға, адамдарға деген махаббат менде бар ма?» деген сұрақ қою қажет. Себебі мұнда бәрі де адам арқылы іске асады – тұтынушылар, команда, серіктестер, яғни күн сайын адами фактормен ұшырасып отырасыз.
Сараптама • 14 Наурыз, 2025
Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар мен бастамаларды ұсынып отыр. Әрине, салада тәуекелдер мен түйткілдер жоқ емес. Дегенмен жақсы мүмкіндік те бар. Осы ретте оқырман мен кәсіпкерлер назарына қазіргі уақыттағы қолжетімді бастамаларды айта кеткен жөн.
Сараптама • 25 Ақпан, 2025
Ең бастысы – кәдуілгі жұмыспен салыстырғанда бизнесте бәрі де басқаша екенін түсіну. Жалдамалы жұмыста тұрақты жалақы алсаңыз, бизнестегі табысыңыз күш-жігеріңіз бен шешімдеріңізге тікелей байланысты. Сіз «Клиент неліктен сізді таңдауы керек?» деген сұраққа нақты жауап табуыңыз қажет. Бұл – сіздің бірегей саудадағы ұсынысыңыз. Бизнес ашып қана қоймай, айрықша қажетті дүниені ұсына алу керек.
Сараптама • 24 Қаңтар, 2025
Үкімет салық базасын кеңейтпестен, онсыз да төлеп отырғандарға жүктемені көбейту арқылы салық түсімін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл – сәтсіз тәсіл. 2021 жылы дивидендке 10% жеке табыс салығын енгізген кезде қызық жағдай болды: ел тарихында тұңғыш рет салық түсімі (2023 жылы) бір жыл бұрынғыдан аз болып қалды. Неліктен? Өйткені бизнестің нақты мүмкіндігін есепке алмай енгізілген жоғары мөлшерлемелі салық кәсіпкерлерді «көлеңкеге» кетуге мәжбүр етті.
 
                             
                                 
             
             
             
             
             
             
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                