Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
144 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Сот жүйесі және халық сенімі

Биыл Қазақстанның сот жүйесі ауқымды өзгерістерді бастан кешті. 2024 жыл сот отырыстары тікелей эфирден көрсетіліп, бұқараның құқықтық салаға деген қызығушылығын арттырған жыл есебінде тарих қойнауына кірді. Қазақстан азаматтары сот отырыстарының қалай тартысты жүретінін, сот пен прокурордың қалай жұмыс істейтінін көзбен көріп, еліміздің құқықтық жүйесіне деген сенімі күшейді.

Тұлға • 31 Желтоқсан, 2024

Әлем әдебиетінің Қожасы

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бер­дібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде ата­лып өтті. Осылайша, әдебиетімізге «Өлгендер қай­тып келмейді», «Менің атым Қожа», «Бала­лық шаққа саяхат», «Он алты жасар чемпион», «Қай­дасың Гауһар», «Ергежейлі еліне саяхат» сынды өлмес туындылар сыйлаған қа­лам­гердің тойы әлем назарына ілікті.

Заң мен Тәртіп • 18 Желтоқсан, 2024

Зияткерлік меншік мәселелері заңмен қалай реттеледі?

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың қатысуы­мен «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында бас­пасөз мәслихаты өтті.

Сұхбат • 18 Желтоқсан, 2024

«Көтеріліске қатысқанымды дәлелдегім келеді»

Газет редакциясына Желтоқсан көтерілісінің қатысушы­сы Марат Мырзабеков атты азамат келді. Ол 1986 жылы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтерген қазақ жастарының арасында болғанын, сол оқиғадан кейін оқудан шеттетіліп, әскерге кетіп, жазадан аман қалғанын айтады. Азаттыққа ұмтылған жастардың арпалысқа толы күндері туралы куәгердің әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024

«Ардагерлер ұйымы» жастар тәрбиесіне алаңдайды

Астана қаласындағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің «Дихолл» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Төралқа жиынына барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ардагерлер кеңестерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.

Тұлға • 13 Желтоқсан, 2024

БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер

«Қазақстан» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұры­с­овтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қаратай Тұрысов – қайраткер тұлға» тақырыбында республикалық конференция өтті. Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, спорт саласының мамандары қатысты.

Зерде • 07 Желтоқсан, 2024

Соқпақбаевтың Қонаевқа жазған хаты

Өткен жолы белгілі тарихшы, мұрағаттанушы Рашид Оразов архивтен Бердібек Соқпақ­баев­тың республикамыздың сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаевқа жазған өтініш хатын тапқанын сүйіншіледі. Осыдан елу жыл бұрынғы сарғайған құжатты оқып отырып, классик жазушының болмыс-бітімін басқа қырынан танығандай болдық.

Айбын • 03 Желтоқсан, 2024

Қарулы күште қандай реформа жүріп жатыр?

Орталық коммуникация­лар қызметі алаңында Прези­дент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің құқықтары мен бос­та­н­дықтарын қамтамасыз етуі мәселелерін талқылады. Комис­сия отырысына Парламент депутаттары, омбудсмендер, мем­лекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, білім беру саласы өкілдері мен заңгерлер қатысты.

Қоғам • 26 Қараша, 2024

Аталар аманатына адал ұйым немесе майдан мистикасы туралы бірер сөз

2025 жылы жер бетіндегі иісі адамзат баласының басына қайғы әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Осы қанқұйлы майданда 1 млн 300 мыңнан аса боздағымыз «етігімен қан кешіп», оның 630 мыңы қыршынынан қиылды. 271 мың сарбаз із-түзсіз жоғалып, хабар-ошарсыз кетті. Біз сол соғысты жүйелі түрде зерттеп, ардагерлеріміздің ерен ерлігін тасқа қашай алып отырмыз ба? Архив құжаттарының сарғайған сартап беттері қашан толығымен парақталады?

Қоғам • 23 Қараша, 2024

Көлікпен дәулет құраған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтардың жылы» деп жа­риялап, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқы­­лы қоғамда еңбекқор, нағыз маман болу идея­сын алға тар­ту­дың маңы­зын, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жет­кен аза­мат­тар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін айт­ты.

Яндекс.Метрика