Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
3105 материал табылды

Президент • 18 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды

Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Астанада балабақша мен ата-ана арасындағы жанжал үшінші рет сотқа жетті

Елордада жекеменшік балабақша мен ата-ананың арасындағы жанжал ушықты. Астаналық әйел елорда әкіміне баласының балабақшада «буллингке» ұшырағанын айтып шағымданған. Алайда, балабақша басшылығы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, әйелдің үстінен үшінші рет сотқа жүгініп отырғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 18 Сәуір, 2025

Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті

2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2025

Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді

Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған

Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 18 Сәуір, 2025

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 18 Сәуір, 2025

Президент жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Қазақ ақыны, драматургі, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жұбайы, танымал ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден озды. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 18 Сәуір, 2025

Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған

Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.