Оқиға • 13 Қараша, 2025
Астанада болған жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Астанада болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?
2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды
14 желтоқсаннан бастап «Тальго» пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана – Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Отандық такси нарығына жаңа компания келуі мүмкін
Халықаралық Veon компаниясы Қазақстанда цифрлық экожүйе қалыптастыруға кірісті. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, компания қазірдің өзінде OLX Group-тың еліміздегі бөлімшесін сатып алу жөнінде келісімге келген. Ендігі мақсат – Kaspi.kz сияқты ірі финтех компаниясымен, сондай-ақ «Яндекс» басқаруындағы жергілікті такси сервистерімен бәсекеге түсу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 13 Қараша, 2025
Халық қолға ақша ұстамайтын болды: Айналымда қанша банк картасы бар?
Қазақстанның қаржы секторы цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары финтех экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналып, банктер мен басқа да қаржы институттары, бизнес және тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттесудің заманауи үлгілерін қалыптастырды. Әлемдік цифрландыру толқыны аясында Қазақстан нарығы тұрақты өсім көрсетіп, ресми деректермен де расталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Музыка әлемінде тарихи оқиға тіркелді: ЖИ жасаған ән Billboard чартында көш бастап тұр
АҚШ-тағы Billboard Country Digital Song Sales рейтингінде бірінші орынды Breaking Rust атты виртуалды орындаушының «Walk My Walk» композициясы иеленді. Бұл жасанды интеллект толық жасаған әннің алғаш рет әлемдік музыкалық чарттың шыңына шығуы, деп хабарлайды Egemen.kz Newsweek басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Көші-қон: биыл елімізден қанша адам көшіп кетті?
Бүгін Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы көші-қон қозғалысы туралы жаңа деректерді жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың тоғыз айында елге тұрақты тұру мақсатында 16,1 мың адам келген, ал 5,9 мың адам елден кеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,4 пайызға аз. Осылайша, көші-қон сальдосы оң сипатта қалып, 10,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.