Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4300 материал табылды

Республика күні • 23 Қазан, 2025

Республика күніне жаңа дем берген челлендждер

25 қазан – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. Дәл осы күні, 1990 жылы «Егемендік туралы декларация» қабылданды. Тарихи құжат еліміздің дербес даму жолын айқындап, халықтың болашаққа деген сенімін нығайтты. Бүгінде Республика күнінің мәні  жаңа буынның санасында заманауи форматта жаңарып, цифрлық кеңістікте ерекше сипатқа ие болып отыр. Бұрындары бұл мереке тек ресми жиындар мен концерттер арқылы айшықталса, қазір жастар оны әлеуметтік желілерде, яғни TikTok пен Instagram-да ерекше челлендждер ұйымдастырып атап өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 23 Қазан, 2025

Қазақстан мәдениетінің халықаралық беделі артып келеді

Соңғы бес жылда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдени бірегейлікті нығайту, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде таныту және креативті индустрияларды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл кезеңде өнер саласында айтарлықтар өзгерістер орын алып, Қазақстанды Орталық Азияның жетекші мәдени орталығы ретінде танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 23 Қазан, 2025

Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті

Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отбасы • 22 Қазан, 2025

Ұрпаққа өнеге болған мерейлі отбасылар

Отбасы – мейірім мен мерейдің, ізгілік пен ілтипаттың ордасы.Әр шаңырақтың ынтымағы мен татулығы – елдің іргесін бекем ететін ең қымбат құндылық. Осы қасиетті ұстанымды ұлықтаған дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауы биыл да елорда төрінде өз жалғасын тапты. Республика күні қарсаңында өткен марапаттау салтанатында еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген ең өнегелі 20 отбасы көпшіліктің құрметіне бөленіп, берекелі тіршілігі мен бірлігі арқылы жұртқа үлгі болды, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 22 Қазан, 2025

Дивидендтер төлеу мөлшері туралы норма енгізілді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың ұлттық компаниялардан мемлекеттік бюджетке түсетін дивидендтер көлемін қысқарту жөніндегі сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Бюджет кодексінде бұл мәселеге нақты норма енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инфляция • 22 Қазан, 2025

Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу жоспарын әзірлеп жатыр

Бүгін Мәжілісте Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен пленарлық отырыста 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет және жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобалары қаралды. Құжаттар Бюджет кодексінің талаптарына және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет • 22 Қазан, 2025

Республикалық бюджеттің қамтамасыз етілуі 83,5%-ға дейін өседі

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қаржы параметрлерінің ағымдағы жағдайы мен алдағы жылдарға арналған болжамдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 22 Қазан, 2025

Серік Жұманғарин: 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 5,4% болады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 22 Қазан, 2025

Германия үкіметі Газа секторында жараланған балаларды қабылдаудан бас тартты

Германия билігі Ганновер әкімшілігінің Газа секторы мен Израильден 20-ға дейін науқас және жарақат алған баланы емдеуге қабылдау туралы ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz TACC агенттігіне сілтеме жасап.

Еңбек • 22 Қазан, 2025

Биыл ардагерлерге 12,6 млрд теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

2025 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша елімізде 79 313 ардагер тұрады. Мемлекет бұл азаматтарға ерекше қамқорлық көрсетіп, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жалғастырып отыр. Биыл осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика