
Еңбек • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда жұмысшыларға 1,2 млрд теңге өтемақы төленді
2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 257 кәсіпорында 3,7 мыңнан астам жұмыскерге 1,4 млрд теңге көлемінде жалақы берілмегенін анықтады. Бұдан бөлек, жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасының 4,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қыркүйек, 2025
Елімізде Киберқауіпсіздік орталығы құрылады
Қазақстанда жылу-электр орталықтары мен жалпы отын-энергетика кешенін киберқауіптен қорғау мақсатында арнайы ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында жас жігіт биіктен құлап көз жұмды
Алматы облысының Бесағаш ауылында 20 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Қытайда «Тапа» тайфуны салдарынан халық жаппай эвакуацияланған
Қытайдың Гуандун провинциясында «Тапа» тайфунының күшеюіне байланысты төтенше шаралар қабылданып, мыңдаған адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 2027 жылы Amazon спутниктік интернеті қолжетімді болады
Amazon компаниясының Kuiper жобасы аясындағы спутниктік интернет 2027 жылдан бастап Қазақстанда қолжетімді болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
«Байтақ» партиясы Жолдау бойынша баспасөз конференциясын өткізді
2025 жылғы 9 қыркүйекте Астанада «Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. «Жолдау – жасыл Қазақстанға бастар жол» атауымен өткен жиында партияның ресми ұстанымы жарияланып, экологиялық мәселелерге қатысты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Қыркүйек, 2025
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Су үнемдеу технологияларын дамытуға 214 млрд теңге бөлінеді
Алдағы үш жыл ішінде мемлекет ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға 214,6 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.