Экономика • Бүгін, 16:03

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қаңтар айында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының акциялары бірден 49,5%-ға өсті. Сонымен қатар бағалы қағаздармен жасалған сауда көлемі де екі есеге жуық артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады

Биржа деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың соңында ұлттық компанияның бір акциясы 28 059 теңге болған. Ал 2026 жылдың 30 қаңтарындағы соңғы мәміле кезінде оның құны 41 950 теңгеге дейін жетті.

Бағаның өсуімен қатар, акциялардың саудалану белсенділігі де күрт артты. Бір ай ішінде сауда көлемі 92,8%-ға өсіп, жасалған мәмілелердің жалпы сомасы 6,5 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш KASE Индексіне кіретін акциялармен жүргізілген жалпы сауда көлемінің 34,5%-ына тең.

Alibaba мен Baidu акциялары Қазақстан қор биржасында саудаланады

«Қазатомөнеркәсіп» – әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі. Компанияның бұлайша нарықтағы беделінің артуына 2 ақпанда жарияланған есеп себеп болды. Онда компания 2025 жылы уран өндірісі мен сату көлемінің алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін мәлімдеді.

Қазір компания саладағы ең ірі уран резервтік базасына ие. Ол еншілес және бірлескен ұйымдарымен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар