
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Тасқынға даярлықты күшейту қажет
Павлодар облысында 52 елді мекен қарғын судың құрсауында қалуы мүмкін. Өңірде су тасқынынан пайда болатын ықтимал апаттардың алдын алуға қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын зерделеп көрдік.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
Екібастұз қаласындағы сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 150 шаршы метр төбе құлаған.
Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025
Қажы сапарынан келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында аман қалды. Ақ желеңді абзал жан әуе кемесіндегі жолаушының өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға есен-сау жеткізген.
Құқық • 14 Ақпан, 2025
АҚШ азаматтығын алған ер адам ауқымды айыппұл төледі
Павлодарда тұратын ер адам АҚШ елінің азаматтығын алғаны туралы тиісті органдарға ескертпеген. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Мұз өткелдеріне мән берілсе...
Павлодар облысында бес мұз өткелі ашылды. Олардың барлығы Ертіс өзені үстінде орналасқан. Өткелдер Май, Аққулы, Тереңкөл аудандарында пайдалануға беріліп, мұз үстінде жаяу жүргіншілермен қоса, автокөліктер де қозғала бастады. Мамандар қозғалыс ережелері мен қауіпсіздік шараларына сақ болуды ескертеді. Себебі жергілікті атқарушы органдар оларды арнайы қалқандармен, құтқару құралдарымен қамтамасыз етпеген.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды
Павлодар облысының Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарлы боранда Тойота маркалы автокөлігі тұрып қалған. Көлікте 6 жолаушы болған.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2025
Биыл Павлодарда жол апатынан 8 адам көз жұмған
Ертіс-Баян өңірінің аумағында жыл басынан бері 79 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 114 адам жарақат алып, 8 адам қаза тапты.
Жәдігер • 11 Ақпан, 2025
Ертіс бойын мекендеген ежелгі ата-бабаларымыз бас киімнің әшекейлеріне ерекше мән бергені байқалады. Бір шетіне ұзын бұрымын таңып қойған арулардың баскиімі («бокка») көрген жанды таң-тамаша етпей қоймасы анық.
Өндіріс • 08 Ақпан, 2025
«Merox» технологиясының маңызы
Павлодар мұнай-химия зауытында сұйытылған көмірсутек газын сілтілі тазартатын жаңа кешен іске қосылды. Тазарту барысында «Merox» технологиясы қолданылады. Әдіс «Honeywell» корпорациясы құрамындағы «UOP» (Universal Oil Products) америкалық компаниясынан алынған. Кешен өнім сапасын жақсартып, шығарындыларды азайтып, жылына 100 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын меркаптан күкіртінен тазартуға мүмкіндік береді.
Сараптама • 07 Ақпан, 2025
Алда – кезекті көктемгі дала жұмысы. Өкінішке қарай, отандық фермерлерді қолдау тетіктері әлі де әлсіз. Субсидия төлеудегі әділетсіздік, несие туралы ақпараттың аздығы, техника құнының шарықтап кетуі, экспортқа өнім шығарудың тиімсіздігі, тағысын тағы мәселелер диқан қауымның кежегесін кейін тартып тұр.