Назгүл СӘРКЕ
Назгүл СӘРКЕСарапшы
5 материал табылды

Пікір • 13 Қыркүйек, 2024

Элиталық деген аты ғана...

Үлкен қалаларда, әсіресе мега­полис­­терде жаңа тұрғын үй саны көбейіп келе жатыр. Сәулеті мен сәні асқан баспана ғимараттары алыстан көз арбайды. Заманға сай тұрмыстық қажеттіліктерді ескеру де жүйелене түскен.

Экономика • 12 Шілде, 2024

Автотұрақ түйткілі

Мегаполис тұрғындарын үнемі мазалайтын, олардың жайлы өміріне әсер ететін жағдайдың бірі – автокөлік тұрағының тапшылығы. Жүргізуші­лер орын таппаған соң, көлікті жол жие­гін­де қалдырып кетуге мәжбүр бола­ды. Бұл өз кезегінде апат қаупінің артуына, кептелістің туындауына алып ке­леді. Бұл – қалалардың бәріне ортақ проблема.

Сараптама • 30 Мамыр, 2024

Баспана және «банкрот тәсілі»

Қазір жеке тұлға үшін банкрот атану біршама жеңілдетілді. Мемлекет азаматтардың қарыз жүктемесін шешу мақсатында осындай қадамға барған болатын. Әрине, тәуекелі көп қадам. Соған қарамастан көпшілік жаппай банкрот атануға кірісіп те кеткен сыңайлы. Бірақ қарыздан оңай құтылудың зардабы да жоқ емес. Әсіресе баспана алу кезінде.

Сараптама • 02 Сәуір, 2024

Ажырасудың «астарлы ақиқаты»

Алдыңғы аптада әлеуметтік желі­лер­де ажырасудан еліміздің әлемде «көшбасшы» екені туралы ақпарат кеңінен тарап кетті. Кейін белгілі болғандай, бұл жалған ақпарат болып шықты. Алайда ішінара шындығы да жоқ емес еді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 128 359 неке қиылып, 44 517 ажырасу фактісі тіркелген. Қалада 33 229 жұп ажырасса, ауылда 11 228 жұп бөлек кеткен.

Пікір • 10 Наурыз, 2024

Баспаналы болу тетігі

Мемлекет «Отау» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарламаны жариялады. Әрине, бағдарлама болған соң бірқатар талабы бар, дегенмен негізгі шарты – үміткердің басында кейінгі бес жылда үй болмауы керек. Барлық шарттан іркілмей өткен азамат тек «Отбасы банкпен» келісімшартқа отырған, «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігін алған компаниялардың ғана пәтерін қарас­тыра алады. Бір қызығы, қазірдің өзін­де осы кепілдікке ие үйлердің бағасы өсе бастады деген ақпарат тарап жатыр.