Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1871 материал табылды

Футбол • 03 Ақпан, 2026

Футболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Халықаралық футбол федерациясы наурыз айында өтетін FIFA Series-2026 турнирінің кестесін бекітті. Шағын турнир 25-28 наурыз күндері елордадағы Астана арена стадионында ұйымдастырылады. Ұлттық құрама Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 03 Ақпан, 2026

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Серік Жұманғарин Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Нгуен Хоа Бинмен кездесті. Келіссөз кезінде 30 жылдан аса уақыт ішінде Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси диалог дәйекті түрде дамып, үкіметаралық және парламентаралық өзара іс-қимыл нығайып келе жатқаны атап өтілді. Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел көшбасшылары ең алдымен сауда, инвестиция, көлік және логистика, АӨК және ақпараттық технология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің нақты бағытын белгіледі. Қазақстан 2026 жылы өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті. Осы жылдың ортасында Вьетнамға сауда-экономикалық миссия жіберуге дайын, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 03 Ақпан, 2026

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап тегін қол жүгінің салмақ шегін 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 03 Ақпан, 2026

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Жыл басынан бері елде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық деректеріне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Ақпан, 2026

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында болған оқиға қоғам назарын ерекше аудартты. 21 қаңтар күні басқарма басшысы, бокс бойынша Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында болған кикілжің болған. Бүгін екі қызметкердің де жұмыстан шыққанды мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Ауа райы • 03 Ақпан, 2026

Еліміздің батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі

3 ақпанға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның батысында және солтүстігінің жекелеген өңірлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Ел аумағы бойынша синоптикалық жағдайды «Қазгидромет» жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ауа райы • 03 Ақпан, 2026

Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 02 Ақпан, 2026

Асхат Рақымжанов: Конституция – нормалар туралы әңгіме емес

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, реформаны тек заңнамалық өзгеріс емес, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қайта айқындайтын шешім деп бағалады. Партия өкілдерінің айтуынша, заңдағы өзгерістер азаматтың құқығын қорғап, биліктің ашықтығын күшейту керек, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 30 Қаңтар, 2026

Жаңа Конституция саяси жүйені қалай өзгертеді?

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап береді және Қазақстан мемлекеттілігінің іргесін нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 30 Қаңтар, 2026

Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?

Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика