Әдебиет • 31 Қазан, 2025
Шығармашылық зертхана: Ғалым Жайлыбай өлеңді қалай жазады?
Шығармашылық зертхана туындының жазылу себебін, қаламгердің сол сәттегі көңіл ауанын, жазушы еңбегіне тән белгі-ерекшеліктерді арқау етеді. Бұл жолы біз ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың көркемдік кеңістігіне бойлайтын боламыз.
Digital • 28 Қазан, 2025
Үй жинайтын, тамақ пісіретін, көңіл серпілтер әңгіме айтып, қарияларды баптап күтетін роботтар даярланып жатыр. Бірақ адам баласы оларға сенім арта ала ма? Әлеуметтік күтім саласында жаңа дәуірдің басталды. Бұл технология туралы BBC агенттігінің тілшісі Паллаб Гхоштың материалын қазақ оқырманына ұсынуды жөн көрдік, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Бақытжан Оразалиев: «Заманауи кітапхана оқырманға қолайлы жағдай жасауымен ерекшеленуі керек»
Александр Пушкин көшесінің бойында кітап арқалаған жастардың қарасы қалың. Олардың көбі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының тұрақты оқырмандары. Жаңа технологиялармен жабдықталған, кітап қоры бай бұл руханият ордасы бүгінде білім іздеген жастардың бас қосатын орнына айналған. Кітап ісінің жаңа бағыттары, оқырман мәдениетінің өзгеруі және цифрлық дәуірдегі оқу үрдісінің ерекшеліктерін сұрап білу үшін кітапхана директоры Бақытжан Оразалиевпен сұхбаттасқан едік.
Архив • 24 Қазан, 2025
Шерхан Мұртазаның «Егеменде» сақталған мұрасы
Халық «намыс найзағайы» деп бекер айтпаса керек. Екі көзін Ақсу-Жабағылының барысындай қадап, тарғыл мұртын тікірейтіп, қақпақ жауырынын күжірейтіп, шамырқана шатынай, қыранша саңқылдай сөйлегенде қазақ баласы дүрілдете қол соғар еді. Ал жазғанда халқының арын арлап, жоғын жоқтаған көсемсөзі оқырманның көкірегіне қона кетіп, сай-сүйегін сырқырататын-ды. Бірақ бір сәт ойланайық. Ол бұл биікке қалай жетті? Әлбетте, оңай жеткен жоқ. Кемелдікке жетер жолдың шырғалаң һәм шытырман, қиыр да қиын соқпағынан өтті. Қаламгердің осынау бейнетті бел-белесінің бедері қойындәптері мен түрлі жазбасында сақталған.
Жасанды интеллект • 22 Қазан, 2025
Адамзат тарихын алгоритм жаза ма
Жасанды интеллектінің кернеуі күн сайын күшейіп келеді. Адамзат ақпаратты сандыққа емес, сандық алгоритмге жүктеп, жеке деректерін жасанды интеллектіге аманаттай бастады. Бұл үрдістің қаншалықты қауіпті иә қауіпсіз екенін цифрлық коммуникациялар саласының зерттеушісі Айгүл Ахметовадан сұрап білдік.
Таным • 18 Қазан, 2025
Өнер иелері табиғатынан шығармашылық зертханасын көрсетуге әуес болмайды. Ақын-жазушылар шығармасын қалай дүниеге әкелгенін, оны жаратуда қандай көркем әдістерді қолданғанын айта бермейді. Бұл қасиет күйшілерде де бар.
Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Өзіңді танысаң, әлемді танисың. Аңдап қарасақ, ақиқат – алақанымызда екен. Ел аузындағы айқындықты айтқанда, «бес саусақтай білу», «алақанға салғандай» деуі де ежелгі түсініктен шықса керек.
Ғалам ғажаптары • 18 Қазан, 2025
Ғалымдар «Ер Төстікті» ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифологиясына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері – бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.
Мереке • 17 Қазан, 2025
Тілсіз жауды тізгіндеген жылқышы
Бүгінгі бейбіт күннің батырлары – құтқарушылар. Табиғаттың тосын апатында тосырқап қалмай, өзге үшін өзінің жанын бәйгеге тігеді. Мәселен, кейінгі 30 жылда 72 құтқарушы өз борышын атқару кезінде қаза тапқан. Тәуекелге тәубе дейміз. Ерлердің батырлығы арқасында талай азамат ортамызда аман-есен жүр. Осындай қиын да қасиетті істің иелерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ерлігі мен еңбегіне жоғары баға берді, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 14 Қазан, 2025
Республика күні Әл-Фараби көзімен
Еліміздің тарихи шешімін айқындаған Егемендік декларациясы – мемлекеттігіміздің берік ұстыны. Бұл құжатта ел аумағының тұтастығы, шегенделген шекарасы, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған ұстанымдар айқындалған. Жарлықтың жарияланған күні қазір қайта жаңғыртылып, «Республика күні» ретінде аталып өтеді.