Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берді. Министр сұхбат барысында сынып ішіне бақылау камераларын орнату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Бүгін елорданың 6 ауданында сағат 18:00-де 40-тан астам шыршаның шамы жағылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Желтоқсан, 2025
Ел құрамасы қысқы Олимпиада ойындарына тағы 12 лицензия жеңіп алды
Конькимен жүгіруден 14 қараша–14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша ел құрамасы 12 лицензия иеленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Мектеп мәзіріне жылқы еті енгізіледі
1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сай әзірленген қоғамдық тамақтанудың бірыңғай стандарты жұмыс істейді. Стандарт семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтып, жемістер мен көкөністердің үлесін арттыруға және тұз бен қант мөлшері көп тағамдардың мәзірде болмауын қадағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
Үндістандық миллиардер Мессиге 1,2 миллион долларлық сағат сыйлады
«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Үндістанға коммерциялық турнесі аясында құны 1,2 миллион доллар тұратын, шектеулі коллекциямен ұсынылған сағатты сыйға алды. Бағалы сыйлықты аталған елдің ең бақуатты әулетінің ұлы Анант Амбани тарту етті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген халықаралық қауымдастыққа үндеу жасады
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 18 желтоқсан – халықаралық көші-қон күніне орай БҰҰ Көші-қон агенттігінің жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде халықаралық қауымдастыққа үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Үкіметте келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері қаралды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңесте 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2025
Биыл ел спортында қандай тарихи жеңістер тіркелді?
2025 жыл Қазақстан спортының қоржыны бірнеше тарихи, толайым жүлделермен толықты. Саладағы жетістіктерді нықтап, спорттағы саясатты реттеу мақсатында осы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған құнды құжат негізінде олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріліп отыр. Таңдаулылар тізімінен ұлттық спорт түрлері де тыс қалмады. Заңдағы легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру тетігіне салынған тыйым да көптің көкейіндегісін дөп басты. Сондай-ақ спорт федерацияларының мәртебесі айқындалып, саладағы анти-экстремизм мен қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Еліміздің спорттық жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мен ел намысын дүбірлі додаларда қорғайтын азаматтарды қолдауға бағытталған заң жаһан жүзінде көк туымыздың жиі желбіреуіне септеспек, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
Елордада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарланып отыр. Кешен құрамына аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді, деп жазады Egemen.kz.