Фото: gov.kz
Атап айтқанда, «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы 2021 жылдың сәуір айында ақпараттық жүйеге кооператив атына 2 470 бас аналық ірі қара малды жалға алғаны туралы жалған мәлімет пен селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғаны жөнінде ақпарат енгізген.
Сәйкесінше, мемлекеттен кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.
Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды
Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа және 450 бас аналық ірі қара малға ғана жүргізіліп, заңсыз алынған субсидия сомасы 20 200 000 теңгені құраған.
Аталған факті негізінде аса ірі мөлшерде алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.
Сот «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысын кінәлі деп танып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ заңсыз алынған ақшалай қаражат толық көлемде өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.