Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
80 материал табылды

Жемқорлық • 03 Қазан, 2023

Кісі өлімінен «бизнес» жасамайық

Жуырда белгілі қаламгер Қорғанбек Аманжол әлеу­меттік желіде дүниеден озған адамның мәйітіне «тиіспеу үшін» жұрт патологиялық-анатомиялық бюро (ПАБ) бөлімшесінің яғни мәйітхана қызметкерлері жақынынан айырылған кісіден ақша дәметкені туралы ашына жазды.

Зерде • 28 Қыркүйек, 2023

Ақан серіні неге ұлықтай алмай отырмыз?

Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша және Уәлиханов аудандары 1944 жылы құрылған «отау» – Көкшетау облысының құрамына кіргізілген. Ал 1997 жылы Көкшетау облысы жабылған соң «қара шаңырақ» – Солтүстік Қазақстан облысына қайтарылған. Соған қарамастан, осы өңірдің мәдениет саласында аталған бес ауданды «өгей» санаушылық салқыны әлі де ара-тұра сезіліп қалып жүр.

Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2023

Егемендік – айбарлы ұғым

«Егемен болмай, ел болмас» деп ата-бабаларымыз армандап айтып кеткен егемен­дікке қол жеткізіп, әлемнің саяси картасынан ойып орын алған мемлекет құру ба­қыты бізге бұйырды. Бүгінгі ұрпақ елдіктің айбарын сезініп, қай істе де жауапты болуы маңызды.

Сайлау • 25 Қыркүйек, 2023

Сайлаушы сеніміне селкеу түспесін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елі­мізде жүргізіліп жатқан саяси ре­фор­маларға сәйкес осыдан екі жыл бұрын ауыл әкімдерін сайлау енгізілген болса, енді ал­ды­мыздағы 5 қарашада алғаш рет қанатқақты режімде аудан­ мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өткізілмекші. Бұл – қоғамдық өмір­ді демократияландыру жо­лын­дағы кезекті де маңызды қадам.

Елорда • 14 Қыркүйек, 2023

Бас қаланың қонысы мен өрісі

Астана қаласы көшелерінің алты жо­­лақ­ты кең автожолы­ның өзінде қар­ба­лас шақта кептелек пайда болып, едәуір уақыт жоғалтқан жеңіл көлік жүргізушілері де, жолаушылар да кейіп: «Елорданың алғашқы Бас жоспарын ала­қандай ғана жері бар Жа­понияның сәулеткері Кисё Курокава жасамағанда мұн­дай қолайсыздық болмас еді. Қазақ­тың кең-байтақ жері жетпегендей, көшелердің ара­сын неге осынша тар қыл­ды екен?..», деп сөгіп жатады.

Қоғам • 11 Қыркүйек, 2023

Ажырасудың сан қилы астары

Халық санағымен және демог­рафия­мен айналысатын «World Population Review» (Әлем хал­қының санына шолу) халық­аралық тәуелсіз ұйымының мәлі­ме­тіне қарағанда, Қазақстан отба­сылардың ажырасу көрсеткіші бойын­ша дүниежүзінде екінші орынға шыққан.

Ауыл • 07 Қыркүйек, 2023

Ауыл еңсесін көтеретін кез

«Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деп Бейімбет Майлин жаз­ған­дай, еліміз экономикасының жетекші саласының бірі – агроөнеркәсіп кешенінің маңызы зор.

Руханият • 05 Қыркүйек, 2023

Тегінде бар тегі озар

«Атымды адам қойған соң,Қайтіп надан болайын?»,деп дана Абай бабамыз айтқандай, адамның азан шақырып қойылған аты оның алдағы тағдырына әсерін тигізеді деген сөздің жаны бар. Бұған аса көрнекті жазушы есімін еншілеген мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Ерманның өнегелі өмірі де мысал болғандай.

Сұхбат • 21 Тамыз, 2023

Ғалым Нұржанов: Футбол талантты жігіттер үшін әлеуметтік лифт болуы керек

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын жү­з­еге асыруға жан-жақты қол­дау көрсетіп келеді. Оның аясын­да аймақ үшін маңызды индус­триялық-әлеуметтік жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа­дан құрылған «Ұлытау өңірі» фут­бол қауымдастығының пре­зиденті, «Kazakhmys Barlau» кәсіпорнының бас директоры Ғалым НҰРЖАНОВ «Ege­men Qazaqstan»-ға миллиондар ойынының өңірдегі даму барысы туралы сұхбат берді.

Қоғам • 16 Тамыз, 2023

Елең-алаң экспат

Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде елімізде екі қолына бір күрек таппай, жұмыссыз жүрген 80 мыңдай жас бар. Ал 194 мыңнан астам отандасымыз, яғни халқымыздың 1 пайызына жуығы, негізінен жастар шетелге барып еңбек етіп жүр. Бұл «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ежелгі нақылдың ескіріп, бүгінгі заман шындығына сай келмей қалғандығын аңғартқандай.