Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
294 материал табылды

Қоғам • 15 Қараша, 2021

Нәтижесі болмаса, несіне оқытамыз?

Кезінде белгілі журналист, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденов бізге өзі басқарған тіл саясаты мәселелерімен айналысатын ведомствоны Мәдениет министрлігінен алып, Білім министрлігіне бермейінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қиынға соғатынын айтқан еді. Арада он шақты жыл өткенде марқұм Ербол ағаның кейін­гілерге қалдырған өсиетіндей болған сол ойы іске асып, кеудеміздегі ана тіліміздің келешегіне деген үміт оты маздай түсті.

Медицина • 12 Қараша, 2021

Жас дәрігерлерді алаламайық

Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жекеменшік таны-лады және бірдей қорғалады», деп тайға таңба басқандай етіп жазылған. Алайда осы маңызды қағидаға кейде тіпті мемлекеттік органдар да жете мән бермей, жаңсақ қадамдарға барып жа-татыны жасырын емес.

Қоғам • 09 Қараша, 2021

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді неге білмейді?

Үкімет дайындап, Парламенттің қарауына ұсынатын заң жобалары орыс тілінде әзірленетіндіктен, қазақ тіліндегі аударма мәтіндерінен шикіліктер шығып жататыны жайлы сынды сол құжаттарды бірінші болып қарайтын Мәжіліс депутаттары да, қоғам өкілдері де айтудай-ақ айтып келеді. Алайда одан шыққан нәтиже жоқтың қасы. Себебі заң жобаларын дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің көбі мемлекеттік тілге шорқақ  екендігі жасырын емес.

Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Осы біз босаңсып кеткен жоқпыз ба?

Жақында бұқаралық ақпарат құралдары «Қытайда коронавирус қайта өршіді» деп жерден жеті қоян тапқандай жарыса хабарлады. Бақсақ, Қытайда жаман індетті жұқтырудың небәрі 93 жағдайы тіркелген екен. ҚХР Денсаулық сақтау және бала туу жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Қытай билігі халықты сақ болуға шақыра отырып, ел азаматтары­ның сапарға шығуын шектеу, тексеру мен тестілеу шараларын күшейту үстінде.

Пікір • 03 Қараша, 2021

«Мың бір түнді оқыдыңыз ба, мырза?..»

Осы сауалды министрлер мен әкім­дер­ге қойсақ, біразы: «Иә, оқыдым» деп жауап берсе, көбі басын шайқап, көзімен жер шұқып қалатын сияқты. Себебі әйгілі ертегідегі түн жамыла жұрт таны­­май қа­латындай қарапайым киініп, Бағдат ш­а­һарын аралап, халықтың шынайы жағ­дайын, шын пікірін білуді жөн көрген Һарон Рашид халифа сияқты анда-санда «аспаннан жерге түсіп», қағаз бетіндегі және іс жүзіндегі ахуалды салыс­тырып жүрген шенеуніктер шамалы-ау.

Қоғам • 02 Қараша, 2021

Теріскейде тұрмыс жайлы болса...

«Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт» дейді халқымыз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында әртүрлі этностар өкілдерінің елеулі бөлігі еліміздің Тәуелсіздігі әкелген еркіндікті пайдаланып, тарихи отандарына үдере көшіп кеткендіктен, Қазақстан халқының саны бір миллионнан астам адамға кеміп, 1999 жылғы халық санағы бойынша 14,9 миллионнан адамды құраған еді. Шүкір, содан бергі кезеңде еліміздің демографиялық жағдайы жылдан-жылға жақсарып, халқымыздың саны бүгінде 19 миллионнан асты.

Қоғам • 27 Қазан, 2021

Шенеуніктер «гигантоманиядан» қашан айығады?

Бұдан бірер жыл бұрын жолымыз түсіп, Рим қаласында болғанымызда италиялықтардың үнемшілдігіне қайран қалғанбыз. Мәселен, жылына жер-жаһаннан миллиондаған турист келетін көне де ғажайып қаланың ертеде кеспетас төселген алаңдарының уақыт өте келе сәл ғана сәні тайған тұстарын біз сияқты, «қонақтардан ұят болады» деп ауыстыра бермейді екен.

Экономика • 27 Қазан, 2021

Урбандалу: Қала қалай қарсы алмақ ауыл көшін?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асырудың мақсаты – 2021-2025 жылдары базалық қызметтерге тұрғындардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысын дамыту, көлік қатынасын жақсарту есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру.

Қоғам • 26 Қазан, 2021

Құмға сіңген судай субсидия

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында аграрлық саясатта сабақтастық жоқтығын, министр ауысса, саланың саясаты да өзгеретінін сынай келіп: «Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланыс­ты болып отыр. 

Аймақтар • 20 Қазан, 2021

«Серпінге» серпіліс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Үкіметке көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсыра отырып, ел ішіндегі еңбек күшінің ұтқырлығы мәселесіне қатысты да жаңа ұстанымдар қажеттігін атап көрсеткендігі мәлім.