Кәрібай МҰСЫРМАН
Кәрібай МҰСЫРМАН«Egemen Qazaqstan»
294 материал табылды

Қоғам • 09 Ақпан, 2022

Жетім курсант жүр әлі жүдеп-жадап...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз.

Қоғам • 02 Ақпан, 2022

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

2018 жылы елімізде күн сайын орта есеппен 15-16 мал ұрлығы тіркеліп, қай өңірде болсын белең алып кеткен осы қылмыстың жалпы саны 5 636 болған екен. Ақ адал малынан айырылған шаруалардың жанайқайлары да жиі шығып жатқан еді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы маусымда Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесу барысында мал ұрлығымен күресті күшейту қажеттігіне айрықша назар аударып: «Соңғы кезде қорадағы малын таппай қалатын азаматтар көбейіп барады. Бұған тыйым салу керек. Адал еңбек етіп, күнін кө­ріп отырған малшыларды қор­ғауы­мыз қажет. Заңды қатайтып, қыл­мыскерлерді сыбайластары­мен қосып, қатаң жазалау керек. Парламент депутаттары осы бастаманы қолдап, мәселенің оң шешім табуына атсалысады деп сенемін», деген еді.

Қазақстан • 01 Ақпан, 2022

Адасқандар арандады

Ал оларды адастырғандар айылдарын жиды ма? Биылғы қаңтардағы қасіреттің зардаптары жұртқа мәлім болғанымен, оның түпкі себептері турасында қоғамда әрқилы пікір айтылып жатыр. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түр­лі қарама-қайшы, шындыққа жанас­пайтын жалған ақпараттар тарап кет­кенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бір­неше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжейлі білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады», деген болатын.

Руханият • 26 Қаңтар, 2022

Әлеуметтік әділдік бірлікке бастайды

Жақында бір үлкен шығармашылық ұйым­­ның беделді басшысымен пікір алыс­­қанымызда, ол бүгінгі еліміздің ба­­сын­дағы сын кезең жайлы ойларын орта­ға сала келіп: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әу бастан ұста­нып келе жатқан әлеуметтік әділдік қа­ғи­даты халқымызды бірлікке бастайтынына сенемін. Оған өзім басқарып отыр­ған ұжымның мысалында кәміл көз жет­кіздім», деген еді.

Пікір • 23 Желтоқсан, 2021

Жалақысы мардымсыз полицей жұртқа жақын болып жарыта ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында құқық қорғау жүйесін толық реформалауды аса ма­ңызды міндеттердің бірі ретінде алға қойып, соның ішінде полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналып, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиістігін атап көрсетті. Президент тапсырмасына сәйкес бұл саланы реформалау қолға алынып, бірқатар оң өзгеріс жасалды.

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2021

Қарақшылар қайта бас көтерді ме?

«Жау жағадан алғанда бөрі етектен» дейді қа­зекем. Өт­кен ға­сырдың тоқ­са­ныншы жыл­­дарында – Кеңес Ода­ғы тарап, одақтас республи­калар арасындағы ша­руа­шы­лық байланыстар үзіліп, бұ­рынғы жоспарлы экономи­кадан нарықтық қатынастар­ға көшу басталған өтпелі кезең­де шиеленіскен экономика­лық дағдарыстың салдары­нан қаланы да, ауылды да жұмыссыздық жай­лап, ха­лықтың тұрмысы төмен­дегенде неше түрлі қылмыс өршіп, жол торыған, жеке ісін жаңа баста­ған кәсіпкерлер­ді бопсалаған қарақ­шылар көбейген еді.

Пікір • 06 Желтоқсан, 2021

«Уақытша отбасы» жақсы-ау, бірақ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағ­дай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жол­да­уында: «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек», деп, ел болашағы – жас ұрпақ тағдырына жанашырлықпен көңіл бөлді. Осы орайда, әсіресе, демографиялық ахуалы мәз емес өңірлердің шалғай түк­пір­лерінде орналасқан, келешегі күңгірт шағын ауылдардағы шәкірттерге сапалы білім беру мәселесі ойландырмай қой­майды.

Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021

Жерімізді қорғау – ортақ борышымыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары – ұлтымыздың қазір­гі жан-жақтан қауіп-қатер төндіріп тұрған жаһандану сынды жеті басты айда­­һар­дың өңешіне жұтылып кетпей, «Мәң­­гілік ел» болуы үшін жас ұрпақтың қолы­на ұстатқан қуатты жеті қару іспетті.

Қазақстан • 24 Қараша, 2021

«Алыстан арбалағанша...»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйе­лі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында: «Біздің еңбек нары­ғы­мызға көші-қон үдерісі де зор ықпал етеді. Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында. Бұл саладағы проб­­ле­маларды дұрыс шешуіміз керек. Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжы­­рым­дамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азамат­­тары­мыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн», деген еді.

Қазақстан • 17 Қараша, 2021

Оңтайландырып оңдырдық па?

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жинақы және тиімді атқарушы билік құру мақсатында 2014 жылғы 25 тамызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес 436 мемлекеттік функцияны жоғары тұрған деңгейлерден төмен тұрған деңгейлерге беру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыс әлі толық аяқталып болған жоқ.