
Депозит • 27 Қазан, 2023
Салымшы болудың тәуекелі немесе депозитті дұрыс таңдау дилеммасы
Адамдар ақшасын көбейткенді жақсы көреді және сол жолда түрлі қаржылық қадамға барып жатады. Қаражатты еселеудің тиімді тәсілдерінің бірі – банк депозитінде ұстау және инвестициялау. Дегенмен салымшы болудың да өзіндік тәуекелдері бар, соны әр кез қаперден шығармау маңызды.
Экономика • 25 Қазан, 2023
8 миллиардтан 85 миллиардқа дейін
Кеңес одағының шаңырағы гүрс етіп қақ ортаға түскен бетте-ақ күллі экономикамыздың жон арқасынан басып қалды. Дербес экономика құру, валюта шығару, өнім өндіру, тауар сатып алу, тауар сату, әлеуметтік ахуалды түзеу дейтін түйткілдер тізбектеліп, бірінің артынан бірі шыға берді. Қаптаған шаруаның қайсысынан бастарыңды білмей, қарадай шаршайтын кез. Осы құрылымда экспорттың орны ерек еді. Ел болған соң өз қазаныңда қайнай бермей, сыртқа өнім саудалап, табыс тапқаның жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы деуге болатын (өйткені егемендікті 1991 жылдың соңында жарияладық емес пе) 1992 жылы небәрі 1,4 млрд доллардың тауарын экспорттадық. Арада он жыл өткенде – 2001 жылы бұл көрсеткіш 8,6 млрд доллар болды.
Сараптама • 24 Қазан, 2023
Жаһан экономикасының тұрақсыздығына не себеп?
Дүниежүзілік банктің жақында жариялаған баяндамасына қарасақ, 2023 жылы әлемдік экономика өсімі (2022 жылғы 3,1 пайыздан) 2,1 пайызға баяулайды. Банк сарапшыларының болжамынша дамушы елдердегі пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі экономикалық өсімнің баяулауына себеп болмақ.
Көрме • 23 Қазан, 2023
27 елден келген 238 компания. Бұл – дәстүрге айналған «KazAgro/KazFarm-2023» халықаралық аграрлық көрмесіне қатысушылар саны. Көрмеде агроөнеркәсіп саласындағы жаһандық инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
Салық • 20 Қазан, 2023
Қосымша құн салығын көтеру кәсіпорындар үшін тиімсіз
«Ақ жол» партиясы қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырып, күн тәртібіндегі күйіп тұрған мәселені тараптар талқысына салды. Жоба бастамашысы Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мөлшерлемесі қазіргі 12 пайыздан 16 пайызға көтерілуі керек деп есептейді. Олардың айтуынша, бұл өзгеріс бюджетке қосымша 2 трлн теңгеден артық түсім алып келеді.
Саясат • 20 Қазан, 2023
Түрік кәсіпкерлері Қазақстанға не үшін қызығады?
Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатыр. Соңғы бір жылдың өзінде тараптар арасында біршама байыпты келісімдер жасалды. Экспорттаушылар үшін кедендік процедураларды жеңілдету, қорғаныс өнеркәсібі саласында қатынас орнату, білім саласында байланысты бекемдей түсу секілді қадамдар батыл әрі нәтижелі жүзеге асырылып жатыр.
Салық • 18 Қазан, 2023
Көлік төлемінен кімдер босатылады?
Елімізде көлік салығының алынып тасталуы жайлы жиі айтыла бастады. Қазір бұл тақырып жаңа Салық кодексі аясында да талқыланып жатыр. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әміриннің айтуынша, транспортқа салынатын салықты бензин құнына қосып жіберу де қарастырылуы мүмкін.
Экономика • 18 Қазан, 2023
Елімізде 4,4 млн жеңіл автомобиль бар болса, соның 4,7 мыңы – электр энергиясын тұтынатын көліктер. Қазір электромобильдер отандық автопарктің 0,11 пайызын құрап отыр. Әрине, электрмобиль тізгіндеу ел тұрғындары үшін біршама қымбатқа түседі. Әрі оны қуаттайтын бекеттер де тапшы. Дегенмен халық арасында көліктің бұл түріне қызығушылық бар. Ал әлемде электрмобиль өндірісі алапат қарқынмен артып келеді.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2023
Мамандардың айтуынша, жыл санап жер құнары төмендеп, қой саны азайып, көптеген тұқымның генокоды жойылып барады. Соған қарамастан еліміздің жері қой бағуға қолайлы және технологиямен құнарын арттырса, әлі-ақ кем-кетіктің орнын толтыруға мүмкіндік бар. Әдетте әлем бойынша қой еті, қой экспорты тұрғысынан Аустралия, Жаңа Зеландия секілді елдердің аты жиі аталғанымен, қазақ қойына деген сұраныс та төмендеген емес.
Экономика • 16 Қазан, 2023
Орталық Азиядағы E-Commerce – игерілмеген алқап
Еларалық сауда айналымында электронды коммерцияның үлесі басым бола бастады. Қазір Орталық Азияда Е-Сommerce бойынша еліміз жетекші орынға ие. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес нарық көлемі шамамен 4 млрд долларды немесе бөлшек тауар айналымында жалпы көлемінің 12,5 пайызын құраған. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, Орталық Азияның үлкен өнеркәсіптік, сауда-логистикалық, зияткерлік, кадрлық және ғылыми-цифрлық әлеуеті бар. Бұл жақын болашақта ОА елдерінің өзара тауар айналымын 15 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.