Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Қазақстан • 01 Қаңтар, 2024

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі

Биыл жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. Науқанға шамамен тағы 4 млн-ға жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Азаматтардың қалған санаты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырады. Осылайша, 2025 жылы 13 миллионнан астам декларация рәсімдейді деп күтіледі.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2024

Енді мобильді аударым бақыланады

Мобильді аударымдарды бақылау мәселесінің жыр болғанына екі жылдан асып кеткен шығар. Тиісті заң 2022 жылы қабылданған. Ол бойынша үш айдың ішінде бір карточкадан алынған аударым саны 100-ден аспауы керек.

Экономика • 01 Қаңтар, 2024

Жаңа экономикалық көрсеткіштер

Жыл басының өзгерістермен басталуы қашаннан дағдылы әдетке айналды. Бюджет есептеледі, мемлекеттік төлем көрсеткіштері өзгереді, соған сәйкес экономикалық, қаржылық межелер белгіленеді.

Экономика • 31 Желтоқсан, 2023

2024 жыл: Автомобиль нарығын қандай өзгеріс күтіп тұр?

Былтырғы он айда біздің зауыттар автомобильдер мен коммерциялық техника құрастыруды 2022 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық орындаған. Цифрмен айтқанда, бір жылға жуық уақыт ішінде жарты трлн теңге сомасына 124 мың автомобиль құрастырылыпты. Ел тұрғындарының да көлік алуға де­ген ынтасы жоғары. Мұндай ди­на­мика соңғы алты жыл бойы сақ­талып отыр. Сарапшылардың ай­туын­ша, жыл сайынғы сатып алу көрсет­кіші кемі 20 пайызға ұлғайып келеді.

Сараптама • 29 Желтоқсан, 2023

Экономикадағы қандай өзгеріс есте қалды?

Сонымен ресми жыл да аяқталды. Төккен тер, жеткен жетістік, кездескен қиындық, секем көңіл – бәрі бар. Дағдарыс салқыны әлі тарқамағанына қарамастан биыл отандық экономиканың өсімі 4 па­йыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 4,9 пайыз болды. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға дейін өсті. Инфляцияның баяулағаны да айта жүретін жетістік. Сондай-ақ осы жылы ел экономикасына шетелдік инвестиция тарту ісі де қарқынды жүрді.

Кәсіпкер • 29 Желтоқсан, 2023

Бизнесті қолдау жалғасады

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жыл­дың 11 айында жалпы субсидиялау құралы аясында 9 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 680 млрд теңгені құраған несиемен қамтамасыз етілген. «Мемлекет тарапынан кепілдеме беру» құралы бойынша 7 мыңға жуық кәсіпкер 270 млрд теңгеге несие алған. 370-ке жуық кәсіпкерге 1,4 млрд теңге грант берілген және жетіспейтін инфрақұрылым бойынша мемлекет тарапынан 23 жобаға қолдау көрсетіліпті.

Несие • 27 Желтоқсан, 2023

Арзан автонесие үмітті ақтамады

2015 жылдан бері жеңіл­детілген автонесие бағ­дар­ламасы жұмыс істеді. Арагідік тежеліп қалған кезі бар, дегенмен кейін қайта жалғасқан. Бірақ кейінгі жылдары бұл бағ­дар­лама көпті жарылқай алмады.

Қаржы • 25 Желтоқсан, 2023

Республикалық бюджет: шығын көп, табыс аз

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республикалық бюджеттің табысы 12,9 трлн теңге болды, бұл былтырғыдан 9,7 пайызға көп. Ал шығын 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 22,5 пайызға көбейіп, 15,3 трлн теңгеге жетіпті.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023

Үлескердің заңды мүддесін кім қорғайды?

Жылына бірнеше рет отандық телеарна жаңалықтарынан газет ақпараттарынан алданған үлескерлер туралы кемі оншақты рет тыңдаймыз, оқимыз. Биыл елімізде 13,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынса, соның 12,2 млн шаршы метрін жекеменшік тұрғын үй компаниялары салыпты. Соның ішінде 5,4 млн шаршы метрі халық қаражатына салынған. Яғни үлестік құрылыс нысандары деген сөз.

Өндіріс • 25 Желтоқсан, 2023

Экономиканы өрге сүйреген өнеркәсіп

Экономиканың қозғаушы күші – өнеркәсіп. Бірақ бұл бұлжымас ақиқатты өмірде іске асыру қиынның қиыны. Біздің ел әу бас­тан шикізаттық сатылымға арқа сүйейтін ел, десе де әр жылдары әртүрлі бағдарлама аясында өнеркәсіпті дамытуға күш салып келеді. Бірі – нәтижелі, бірі – нәтижесіз. 2023 жылы да бұл салада аз жұмыс атқарылған жоқ. Жалпы сомасы 376,3 млрд теңгеге 91 өнеркәсіп нысанының іске қосылуының өзі – тәуір көрсеткіш.