Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
472 материал табылды

Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024

Торғай өзені тасыды

Ырғыз ауданының Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарында тасыған Торғай өзенінің суы қауіп төндіріп тұр. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары үш ауылдан 121 тұрғынды, оның ішінде 62 баланы алып шығып, аудан орталығы Ырғыз елді мекеніне эвакуациялады.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Мамыр ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданы Мамыр ауылдық округінің тұрғындарын Қорғаныс министрлігіне қарасты Т. Бигелдинов атындағы  Әуе күштері институтының ұшқыштары  эвакуациялады. Қазір Ырғыз ауданы орталығына Мамыр ауылынан 33 адам жеткізілді, онң 24-і бала, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Ақтөбеде жағдай тұрақталды

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты жағдай тұрақталса да, Ақтөбе қаласы мен алты ауданда жария­ланған төтенше жағдай режімі алынған жоқ. Қала­ға қауіп төндірген Ақтөбе, Қарғалы, Сазды суқой­ма­­­ларындағы су көлемі бірқалыпты.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқыны күндері Ырғыз ауданының Аманкөл, Нұра, Мамыр, Белшер, Дүкен, Қарасай елді мекендерімен арада жол қатынасы үзіліп, әлі қалпына келтірілген жоқ. Электр бағаналары судың  ішінде қалып құлауы салдарынан Қарасай елді мекенінде жарық сөнді. Он күннен бері жарықсыз отырған осы ауыл тұрғындарына қайықпен электр генераторы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Уақытша паналау орындарында 1 636 адам бар

Ақтөбе облысында су басу қаупі бар жерлерден 10 мың 138 тұрғын (оның 4077-і бала) эвакуацияланып, 10 663 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде уақытша паналау орындарында 1 636 адам тұрып жатса, оның 689-ы бала. Әзірге қауіп жоқ, 2 536 адам өз үйіне оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Бөгеттер тасқын суды ұстай алмады

Су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасқан өңірлердің бірі Ақтөбе облысында жағдай тұрақталып келеді. Жергілікті бюджеттен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 300 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық төлем төлене бастады және осы азамат­тар­дың несие төлемдері үш айға шегерілді.

Қоғам • 06 Сәуір, 2024

Бөгеттер тасқынға төтеп бере алмады

Ақтөбе облысы аумағындағы  өзендер бойындағы  206   гидротехникалық құрылғы әбден тозған, стратегиялық нысандардың көбі шаруа қожалықтарының иелігіне  өтіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Бесқоспа ауылынан 200 адам көшірілді

Ақтөбе облысындағы Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуынан аталған бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болғандықтан Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылы тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Су қоймалары кемеріне жетті

Ақтөбе облысында су тасқынынан төнетін қауіп сейілген жоқ. Елек, Жем, Торғай, Ырғыз, Ойыл, Қарақобда, Темір, Саз­ды, Жіңішке, Қарғалы өзендеріндегі су деңгейі төмен­деме­ді. Соған қарағанда жағдай әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Жүкті әйел аман-есен босанды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезінде әйелдерді босандырып алған ауыл дәрігерлеріне алғысын білдірді. Соның ішінде егіз сәбиді дүниеге әкелген Қаламқас Қоңырқаеваға сапалы медициналық қызмет көрсеткен Ырғыз ауданы Нұра аулындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтті. Олар – жалпы тәжірибелік дәрігер Сауия Сатаева, жалпы тәжірибелік мейірбикелер Айжан Алханова мен Айару Молшылық.