
Қоғам • 08 Қаңтар, 2021
Қарт қалаға қазақы қан жүгірсе...
Былтырғы жыл Абайдың 175 жылдық мерейтойымен де есте қалды. Бұл той бұрынғы тойдан өзгерек еді. Өзгерек болғаны, дүркіретіп, дүбірлетіп тойлаған жоқ ел. Ырду-дырду ысырапшылдыққа жол берілмей, Абай ауданында ілкімді істер атқарылды. Ал ақынның ізі қалған Семей ше, назардан тыс қалып қойған жоқ па? Қарт қала Президент айтқандай, тарихи-мәдени орталыққа айнала алды ма?
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021
Аязды күндері полицейлер көмек көрсеткен
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аязды күндері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200-ден астам патрульдік полиция жасағы, оның ішінде қала сыртындағы тасжолдарға қызмет көрсететін 36 жасақ жұмылдырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021
Шығыста саршұнақ аяз апталап тұрды. Өскеменнің өзінде ауа температурасы түнде -40 градусқа дейін барса, күндіз -35-38 градустың маңайында. Мұндай күндері қала ішілік автобустардың жүруінен тұруы көп, деп хабарлайды Egemen.kz
Сұхбат • 07 Қаңтар, 2021
Жолай Бүркіттің бөктеріндегі Топқайың ауылына бұрылғанбыз. Қазақ прозасының қара нары –Қалихан Ысқақтың кіндік қаны тамған ауылға... Соған орай туған інісі Сайлаухан ақсақалдан естеліктер жазып алмақ ниетте Ысқақтың үйіне барып тоқтадық. Рас, бұл шаңырақты үлкендер бертінге дейін Ысқақ үйі десетін. Ақ тақиялы, шоқша сақалды Сайлаухан Қабатаев кіреберістен қарсы алды. Ағасынан, Қалихан Ысқақтан аумайды екен. Есендескен соң «бұл үйге жазушылар мен журналистер жиі келеді» деп бізді төрге оздырды. Келетінімді күні бұрын хабарлап айтып қойған соң ба, Қалихан Ысқақтың кітаптарын, сарғыш тартқан екі-үш альбомды үстелдің үстіне тізіп қойыпты.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021
5 қаңтар, кешкі сағат 17.00 шамасында Өскемен полиция басқармасының жедел басқару орталығына "Светофор" сауда үйіндегі қайырымдылық жәшігі тоналғаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2021
Әскерилер мамандық бойынша даярлықтан өтті
Өскемен гарнизонының Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімінде жауынгерлік жоспарға сәйкес барлық санаттағы әскери қызметшілердің мамандық бойынша даярлығы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021
Жануарларға жасалған жанашырлық
Тарбағатайдың басына күзде түскен қардың көбесі көктем шыға сөгіліп, ұзақ ериді. Мұз болып сіресіп, жыл он екі ай жататын қойын-қолаттары да жоқ емес. Қалың қарда бәрінен бұрын тебінмен шығатын түз тағыларына қиын. Сол үшін де қорықшылар қыс мезгілінде жем-шөптерін салып, биотехниялық іс-шараларды үнемі жүргізіп отырады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2021
Оннан астам адамның аяқ-қолы үсіген
Сақылдаған сары аяз Шығыс Қазақстан облысында әлі бірнеше күнге созылады. Сондықтан полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға шалғай елді мекендерге шықпау керектігін ескертті.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021
Өскемен – Алтай – Катонқарағай бағытындағы күре жолдың 56 шақырымындағы Осинов асуын ел «Серпантин» десіп кеткен. Тау асып тетін тар жолға таяғанда жолаушылар артық-ауыс әңгімені сап тияды. Жеті-сегіз шақырымдық жол аумағының қауіпті бұрылыстары мен ірі, ылдиы бар. Биігінен төменге көз тастасаң бас айналардай шыңырау.
Таным • 31 Желтоқсан, 2020
«Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемiн!» Мағжан сеніп кеткен жастарға мемлекет те сенім артып отыр бүгінде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейту үшін Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтау жұмыстары қолға алынды.