Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1070 материал табылды

Қоғам • 01 Ақпан, 2022

Қор өнімі қалтаны қақпайды

Жолай дүкенге кірсем, «арзандаған түк те жоқ, керісінше қымбаттап барады» деген тұрғындардың наразылықтарын құлағым шалған. Ертесі «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі әрі облыстық мәслихаттың депутаты Маржан Бахытқызына хабарласып, бағаға бақылау жасалмай ма деп сұрағанбыз. Сөйтсек, олар Өскемен мен Семей қалаларындағы тұрақтандыру қоры өнімдерінің сапасын, бағасын үнемі қадағалап отырады екен. Бұл жолғы рейдке БАҚ өкілдерімен бірге шықты.

Коронавирус • 01 Ақпан, 2022

Вирусқа қарсы күрес жалғасады

Атауынан әбден зәрезап болған короновирус инфекциясы жер әлемді жайлағаннан бері Шығыс Қазақстанда медицина саласына ерекше көңіл бөліне бастады. Ауруханаларда төсектік орындардың саны артты, заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып, дәрігерлер алыс-жақын шетелдерде біліктіліктерін арттырды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022

Сілеусіннің де сұрауы бар

Заң бойынша рұқсат етілмейтінін біле тұра аң аулап нелері бар еді?! Ұлан ауданы, Каменка ауылының екі тұрғыны итпен сілеусінге шыққан. Бір емес, екі сілеусінді рұқсатсыз қанжығаға байлаған олар із суытпай табиғатты қорғау полициясының қолына түсіпті.

Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022

ТЖД: Қосалқы бөлшектерге қаржы бөліне ме?

Өткен 26 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетіне өрт сөндіру бөлімдерінің бірқатар проблемалары қаузалған «Құтқарушыға да құтқарушы керек» атты мақала жарық көрген-ді. Өрт сөндірушілердің мақалада айтқан уәждеріне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Нұрпейісовке де ресми сауал жолдадық. Ал осы мақалаға департамент бастығының орынбасары, полковник Д.Титов берген жауапты пайдаландық. Тек, қайталанып кетпеуі үшін кейбір жауабы мақалаға кірістірілмеген еді. Бүгін толықтырылған ресми жауапты газетке толық беруді жөн көрдік.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

Семейде 150 азамат Nur Otan партиясынан шығуға өтініш білдірген

Семейде Nur Otan партиясы атынан сайланған қалалық мәслихаттың екі депутаты партиядан шығуға өтініш білдірген, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022

«Қызғылт түтін» үшін айыппұл салынды

Экология департаментіне өткен жылдың 21 желтоқсаны, сағат 12.15-те әлеуметтік желі арқылы «Өскемен Титан магний комбинатында» апат орын алуы мүмкін деген ақпарат түскен. Анықталғандай, қызғылт түтін титан тетрахлориді мен ванадий пентаоксидін өндіретін №2 цехтан пайда болған екен.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2022

«Балалар – кітап әлемінде»

Өскемендегі кітап­ханалар өңір зия­лы­ларының басын қо­сып, рухани шаралар жиі өтеді. Жуықта об­лыстық Балалар және жасөспірімдер кітап­хана­сында «Балалар – кітап әлемінде» атты қызықты көрме ашылды.

Білім • 19 Қаңтар, 2022

3-сынып оқушысы 3D модель жасайды

Үшінші сыныптың оқу­шылары 3D модель жасап отырғанын көріп, таң­ғалдық. Компью­тер­мен мұндай анимацияны оқыған, тоқыған мамандар жасар еді. Елімізде кенже қалған бұл сала осы қарқынмен дамитын болса, әлі-ақ шетелдік аниматорлармен үзеңгі қағыстырамыз деп түй­дім іштей.

Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022

Шығыста шектеулер енгізілді

Алдыңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 213 жағдайы тіркеліп, «қызыл» аймаққа» енді. Өңірдегі ахуалға байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің қатысуымен баспасөз конференция­сы өтті.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2022

Көкталға көпір сыйлаған

Көктал ауылында­ғы өткел бер­мес өзен­ге көпір салған Ахат Рақышев «Қа­зақ­станның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанған-ды. Ауыл­дың ұзақ жылдар бойғы мә­селесін шешуге мұ­рын­дық болған ол атал­ған жобаның ­же­ңімпазы болуға ла­йық.