
Аймақтар • 09 Мамыр, 2023
Ұлттық ұландықтар 101 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады
Өскеменде тұратын Анастасия Светочёва биыл 9 мамыр 101 жасқа толады. Жылда туылған күнін Жеңіс күнімен қатар тойлайтын ардагерді 3477 әскери бөлімінің командирі және 5518 әскери бөлімінің сарбаздары мен оркестрі, сонымен қатар «Жас бүркіт» әскер-патриоттық клубының оқушылары арнайы құттықтап қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2023
Бұған дейін екі бірдей комикс альбом шығарған 8-сынып оқушысы Асыл Сұңғатқызы «стикер пак» жасауды қолға алды. Ол дегеніңіз – жасөспірімдер арасында кеңінен қолданылатын көңілді, күлкілі суреттері бар жапсырма қағаздар. Ал Асыл жасап жүрген «стикер пак» өзгеше, салмақты. Алашорда зиялыларының отты сөздерін жазып, портреттерін салып, жасөспірімдерге таратады.
Қоғам • 03 Мамыр, 2023
Ауыл тұрғындарының әуелгі мәселесі – жер тапшылығы. Жайылымның, шабындықтың жоқтығын айтып, құзырлы органдарға домалақ арыз дөңгелетіп жатады. Жуықта «Amanat» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтіп, тұрғындар тарапынан түскен бірқатар мәселе қаралды. Шешімі табылғандар да жоқ емес.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Дәстүрлі «Парктер шеруі – 2023» акциясы аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері Әмір Базилов мектеп оқушыларына құстарға ұя жасауды үйретіп, шеберлік сабағын өткізді.
Әдебиет • 25 Сәуір, 2023
Шығыста «Білім кітапта» атты кітап жәрмеңкесі өтті
23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Білім кітапта» атты баспасөз салоны келушілерді құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығысқа келді
Президент іс басқармасы медициналық орталығының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 18 Сәуір, 2023
«Еріксіз емші» – ерекше қойылым
Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған «Еріксіз емші» спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Бұқтырманың оң жағалауындағы күнгейді жайлаған елеусіздеу ауылды кезінде Каменка десетін. Оны біз тілімізге икемдеп, Кәмеңке деп кеткенбіз. Кейін етек-жеңімізді жиып, оң-солымызды таныған соң Мойылды деп қазақшаладық. Бәлкім, кержақтар көшіп келгенше, қойын-қолатында мойыл ағашы самсап тұрса керек. Жол жиегінде жайқалған аршаға қарап, «Аршалы» дей салса да жарасып кетер еді. Әй бірақ ауылдың атауын ауыстыра бергенін қайтейін, бүгінгі күнде жетпіс үйден жеті-ақ түтін қалыпты. Ертеңгі күні бұл отбасылар табан аударса, Мойылды да картадан сызылады.
Қоғам • 14 Сәуір, 2023
Қыздар лайықты жаза алуы тиіс - Өскеменде соққыға жығылған қыздың әпкесі
Өскемендегі АДК сауда үйінің әжетханасында кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың бұзақылығы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бүгін сол кикілжіңде жәбір көрген қыздың әпкесі Тоғжан Досымова БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселе • 14 Сәуір, 2023
Өскеменнің іргесіндегі шошқа фермасына қатысты дауға сот шешімі нүктесін қойған шығар десек, жеке кәсіпкер әлі күнге дейін шаруасын еш алаңсыз дөңгелетіп отыр. Басшылықтың пәрменсіздігіне наразы болған Степное, Лесхоз ауылының тұрғындары БАҚ өкілдеріне тағы хабарласты.