
Қаржы • 25 Желтоқсан, 2024
Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда зейнетақы мөлшері 1,7 есе өсуі керек. Сол себепті, мемлекет жаңа жылдан бастап төлемдерді қайта қарастырып, индексация жүргізуді жоспарлап отыр. Келер жылы зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өспек.
Еңбек • 24 Желтоқсан, 2024
Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық
Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2024
Биылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеге азайып, Үкіметтің межелі жоспары орындалмады. Ел қазынасына 3,5 трлн теңге салық түспей қалды. Кейінгі жылдары жоспар орындалмай, тапшылықтың туындауы қалыпты әдетке айналып келеді. Себебі неде?
Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024
Ең үлкен қауіп – қауіптің бар екенін сезбеу. Ал қаржы секторы сергелдеңге көп түседі. Сондықтан бұл салада болжам мен бағам жиі жасалады. Жыл соңына таман кезекті шолуын жариялаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) келер жылы кедергі көп болуы мүмкін дейді. Негізгі тәуекел мұнай бағасының төмендеуі мен сыртқы нарықтағы өзгерістен туындауы ықтимал. АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің ұлғаюы, ОПЕК+ елдерінің жаңа келісімдері елдегі шикізат бағасына әсер етпек.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2024
Экономиканы отандық өнім өрге сүйрейді
Еліміз егемендік алғалы өндіріс өріс жайды. Қоғамның даму қозғалтқышы өнеркәсіп те жаңа даму кезеңіне қадам басты. Экономикамыздың бәсін биіктеткен бұл бағытты дамытуға дендеп кірістік. Нәтижесінде, әртараптандыру әр кіргізіп, заманауи технологиялар табысты арттыра түсті. Шетелдік инвестиция игілігін де көріп отырмыз. Кәсіпорындар әлеуеті әуелеген сайын жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Мәселен, биыл жыл басынан бері 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, 6,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.
Технология • 13 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект табиғи өсімге жол ашады
«Google» компаниясының бас атқарушы директоры Сундар Пичаидың «Жасанды интеллект (ЖИ) – электр қуаты сияқты, қандай салаға енсе де, шексіз мүмкіндікке жол ашады» деген сөзі бар. Расында, ол кейінгі онжылдықта тек технология саласының емес, бүкіл өндірістің ажырамас бөлігіне айналды. Өнім сапасын бақылаудан бастап, өндіріс үдерістерін автоматтандыруға дейінгі тізбекте тізгін ұстап жүр. Бірақ бұл – бастамасы ғана. Болашақта ЖИ өндірісті адам танымастай өзгертеді. Біздің ел де елеулі үрдістен қалыс қалмауға барынша қамданып жатыр.
Инфляция • 12 Желтоқсан, 2024
Инфляцияның өзгеруі әлемдік нарықтағы жағдайға, экономика құрылымына әрі қаржы нарығының даму деңгейіне байланысты. Сол себепті, алдағы бір жылда елімізді қымбатшылық қысуы мүмкін. Ұлттық банктің тапсырысымен жүргізілген зерттеуде келер жылдары инфляция 14,1% болады деген болжам бар.
Ипотека • 11 Желтоқсан, 2024
Жеңілдетілген ипотека: Депозит өсіп, жарна көлемі төмендейді
«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға келер жылдан бастап біршама өзгеріс енгізбек. «Наурыз» бағдарламасының ипотекалық талаптары күшейіп, салымшылардың депозитте жинауға тиіс қаражаты көбейеді. Сондай-ақ алғашқы жарнаны 10%-ға төмендету мәселесі кезекте тұр. Мұның бәрін Үкімет отырысында «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Шаруашылық • 07 Желтоқсан, 2024
Дәнді дақыл жинаудан рекорд жасалды
Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Ал осы сектордың даму деңгейі ел әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Биыл жемісті жұмыстар оң нәтижесін берді. Еліміздің диқандары дәнді дақыл жинаудан рекорд жасады.
Салық • 06 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырамын. Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын», деген еді. Маңызды құжат келер жылы қабылданып, 2026 жылғы қаңтардан қолданысқа енеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы жұмыс тобының жетекшісі әрі Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев жақында ғана Алматыда өткен Қоғамдық палатаның көшпелі отырысында айтты.