Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:30

«Егемен» журналистері – байқау жеңімпаздары

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана күні қарсаңында елорданың қалыптасуы мен дамуы, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени тыныс-тіршілігін тынбай жазып, жүйелі насихаттап келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін бірқатар дәстүрлі байқаудың қорытындысы жарияланды.

«Егемен» журналистері – байқау жеңімпаздары

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық эколо­гия­лық акциясы, «Жұмысшы мамандық­та­ры жылы» аясында, «Астана Тазалық» ­­ЖШС ұйымдастыруымен өткен «Таза Қазақ­стан – Таза Астана» байқауында «Баспа ­басы­лы­мындағы үздік мақала» аталымы бойынша әлеумет және спорт бөлімінің меңгерушісі Жомарт Оспан жеңімпаз болып танылды. Қаламгер бұл құрметке баспа бетінде экологиялық акциясы жарияланғалы бері экологиялық мәдениетті, табиғатты құрметтеуді қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіну, халық­ты экологиялық проблемаларды шешу жө­нінде жазылған материалдар топтамасы үшін ие болды.

Сондай-ақ қалалық коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен ұйым­дастырған байқау жеңімпаздары марапатталды. Елорданың әлеуметтік-экономика­лық дамуын, қоғамдық өмірін кеңінен насихаттайтын журналистер мен медиасала мамандарын қолдауға бағытталған байқау жыл сайын өтеді. Байқауға газет, телерадио, интернет-портал тілшілерімен қатар, әлеуметтік желі белсенділері де қатысты. Байқауда 7 аталым бойынша үздіктер анықталды. Әлеумет және спорт бөлімінің тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлы «Үздік шолушы» аталымында 1-орын иеленді.

қуаныш

Әріптестерімізді толайым табыстарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да дәстүр мен серттен таймай, бас басылымның жоралы жолын жалғастырып, жемісті еңбек ете беріңіздер деп тілек етеміз.